04:02 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ноутбук, архивтегі фото

"Баспана" АҚ пәтер алғысы келетін қазақстандықтарды сақтандырды

© Sputnik / Александр Кряжев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
"7-20-25" бағдарламасы (35)
921 0 0

"7-20-25" бағдарламасының атын жамылған жалған жарнамалар халықты шатастыра бастады

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде құрылыс компаниялары мен тұрғын үй кооперативтері "7-20-25" бағдарламасының атын жамылып, жалған ақпараттар таратып жатыр, деп хабарлады "Баспана" ипоткалық ұйымы" АҚ.

"Айталық, 0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сынды түрлі акциялар пайда болды. Алайда олардың шарттары "7-20-25" бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді. Олардың "7-20-25" бағдарламасына еш қатысы жоқ. "Баспана" ипотекалық ұйымы түрлі түсініспеушілік туындамау үшін халықты мұндай акциялар мен жарнамаға өте сақ болуға шақырады. Мысалы, 25 — жылына берілетін кредит емес, 25 айға ғана созылған кредит болуы мүмкін. Сонымен қатар, кей кездері мұндай акцияларда 20 саны алғашқы жарна емес, кредит бойынша үстеме мөлшерлемесі болып шығады", — деп жазылған хабарламада.   

Компания "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек бағдарламаның серіктес-банктері бере алатынын еске салған, олар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Евразиялық банк. Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері еш уақытта "7-20-25" бағдарламасымен несие бере алмайды. Сонымен бірге, құрылыс компаниясы ұсынған бөліп төлеу "7-20-25" бағдарламасы болып табылмайды. 

Қазақстандықтар биыл қандай банктерге көп шағымданды?

"Бүгінгі таңда "7-20-25" бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Тиісінше, осы нарықтағы түрлі компаниялардың президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылып жатқаны да байқалады. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда олай халықты алдауға түбегейлі қарсымыз", — деді "Баспана" ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

"7-20-25": пәтер алу үшін отбасының кірісі қанша болу керек екені анықталды

Тақырып:
"7-20-25" бағдарламасы (35)

Тақырып бойынша

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы: шарттары мен ережелері
Қанша адамның "7-20-25" бағдарламасы бойынша кредит алғаны белгілі болды
"7-20-25": Түркістан облысында қанша үй салынып жатыр?
"7-20-25": Астана мен Алматыда банк күніне 1500-1900 адамды қабылдап жатыр
"7-20-25": Астана тұрғындары банкте сағаттап кезекте тұр
7-20-25: кім, қалай және қандай бағамен пәтер алады?
Кілт сөздер:
пәтер, "7-20-25" бағдарламасы., алаяқтық, тұрғын үй, баспана, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып