05:55 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Нөсер жаңбыр

Астанада салонын су басып кеткен автобусқа қатысты мән-жай белгілі болды

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
739 0 0

Astana LRT компаниясы нөсер жаңбырдан кейін желіде тарап кеткен видеоға қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Астанада автобус жолаушылар жаңбыр суының көлік салонына кіріп кеткенін видеоға түсіріп алған. Адамдар аяғын су қылмас үшін, биігірек шығуға мәжбүр болыпты.

Sputnik агенттігіне Astana LRT мәлімет бергендей, бұл видео жалған емес.

"Бұл монтаж емес. Шынымен солай болды. Автобус Момышұлы көшесіндегі терең көлшіктен өтіп бара жатқан болса керек. Жүргізуші сол шеңберді аяқтауға тиіс болды, өйткені жолаушыларды межелеген жеріне апарып салу керек еді. Содан соң техникалық көмек шақырылды. Көлік сынбаған. Біз проблеманың алдын алып, автобусты автопаркке жібердік. Желіге резервтегі автобус шықты", — деп мәлімет берді "Astana LRT" ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева Sputnik агенттігіне.

Ауа райы қолайсыздығына байланысты елордада бірқатар автобустың бағдары өзгертілген. Сәрсенбі күні таңертең қоғамдық көлік әдеттегі бағдармен қызмет көрсете бастады. 

Астанадағы нөсер жаңбыр – аномальды құбылыс

Азанбаеваның сөзіне сүйенсек, тәжірибесі мол қызметкерлердің өзі елорда автобусының суға батқан кезін естеріне түсіре алмапты.

Аномальды нөсердің салдарымен 140 көлік күресті, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбі күні кешкісін Астанада жауын-шашынның айлық мөлшері түскен.

Кей тұрғындар көшені қайықпен жүзіп өтіпті.

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың нөсер жаңбырға дайын емес екенін атап, қала билігін сынға алды.

Тақырып бойынша

Қазақстанның бірнеше облысына су басу қаупі төнді
Алматы мен еліміздің 11 облысында су басу қаупі төніп тұр
Қазгидромет: еліміздің төрт облысы мен Алматыда су басу қаупі бар
Астанада су басу қаупі бар учаскелер азайды – Әсет Исекешев
Кілт сөздер:
нөсер жаңбыр, жолаушылар, автобус, Астана
Загрузка...

Басты тақырып