Қоғам

Қазақстанда қалай үйде отырып жұмыс табуға болады?

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуНоутбук, архивтегі фото
Ноутбук, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді қазақстандықтар электронды еңбек биржа арқылы үйде отырып жұмыс іздей алады

АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстанда үйден шықпай-ақ жұмыс тауып алу мүмкіндігі пайда болды. Жұмысқа тұру процессін жеңілдету мақсатында Электронды еңбек биржасы іске қосылды.

Нұржан Әлтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әлтаев: жаңа ақпарат ресурсының арқасында 20 мыңдай адам жұмыс тапты

Электронды еңбек биржасы Қазақстан бойынша 62 жұмыс беруші мен 243 жұмыс іздеушіні біріктіреді. Ресурс жұмыс істеп бастағалы бері 223 мың адам жұмысқа тұрыпты.

altaynews.kz порталы хабарлағандай, электронды биржа тегін әрі тәулік бойы қолжетімді болып табылады. Оның мәліметтер базасы жұмыспен қамту орталықтары, жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмысқа тұру бойынша онлайн-топтардағы ақпараттардың есебінен құрылады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де ресурсқа ақпарат жариялап, оны үнемі тексере алады.

Шымкенттік он екі жасар қыз қалай кәсіби визажист атанды? 

Биржаның әлеуметтік желілерде қолданушыларға арналған парақшалары бар.

Жұмыс  берушілерге енді жұмыспен қамту орталықтарына барудың қажеті жоқ. Порталға кіріп, электронды-сандық қолтаңба арқылы бос орын туралы ақпаратты кез келген уақытта жариялай береді.


Жаңалықтар
0