12:11 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
қыз мен жігіт

Ғалымдар қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратынын анықтады

CC0 / freestocks-photos
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
974321

Зерттеушілер адамның опасыздық жасауға бейім екенін көрсететін факторларды атап көрсетті

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Квинсленд университетінің ғалымдары импульсивті, сондай-ақ сексуалдық серігі көп болған адамдардың шөп салуға бейім тұратынын анықтады, деп жазады The Independent.

Басылымның атап өтуінше, ер мен әйелдің арасындағы әрбір қарым-қатынас бірегей, дегенмен адамның опасыздық жасауға бейім екенін көрсететін белгілі бір факторлар бар. 

Британдық психология журналында жарық көрген зерттеу қорытындысы бойынша импульсивті адамдар жағдай туралы ойланып-толғанбайды, эмоцияға беріліп кетіп, көзге шөп салуы мүмкін. 

Сондай-ақ, зерттеушілердің айтуынша, өткен өмірінде сексуалдық серігі көп болған адам сүйіктісіне адалдық танытпай, басқаға көз сүзуі мүмкін. 

Бұдан бөлек, ғалымдар көзге шөп салудың басты себептері ретінде арадағы қарым-қатынасқа көңіл толмаушылық пен араның суып кетуін айтып отыр. Зерттеу көрсеткендей, қарым-қатынас ұзақтығының ер мен әйелдің бір-біріне адалдығына әсері аз. 

Тағы оқыңыз: Көзге шөп салған ерлі-зайыптыларды қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды

Бұған дейін мамандар арнайы зерттеу жүргізіп, адамдардың қандай жаста көзге шөп салуға бейім келетінін анықтаған еді. Ғалымдардың пікірінше, 29,39 және 49 жас мейлінше қауіпті екен.

Тақырып бойынша

Ыстық шайдың ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады
Ғалымдар қанша тамақ жесең де, семірмеудің амалын тапты
Ғалымдар ер адамдардың әйелдерден ақылдырақ екенін дәлелдеді
Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады
Сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Ғалымдар тіс пастасының қаупін айтты
Кілт сөздер:
көзге шөп салу, зерттеу, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып