10:24 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Ескек

Астанада нөсер жаңбыр кезінде қайықпен жүзген екі жігіт жазаланды

CC0 / PaulineLB
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Астана жаңалықтары (89)
571603

Жергілікті полиция жігіттердің әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, хаттама толтырды

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Астанадағы су алып кеткен даңғылда үрлеме қайықпен жүзген ер адамдар жазаланды.

Нөсер жаңбыр кезінде елорда тұрғындары қайыққа отырып алған екі адамды байқаған еді.

Жергілікті полиция қызметі Sputnik агенттігіне хабарлағандай, тәртіп сақшылары жігіттердің бұл әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалаған. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 434-бабына сай хаттама толтырылған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты "қайықшылардың" әрқайсысына 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды.

Астана қаласында дүйсенбі күні нөсер жауын жауып, көшелерді су басып кетті. Тіпті бағдарлы автобустың салонына жаңбыр суы кіріп кеткен.

Кейінірек қала билігі тұрғындардан кешірім сұрап, жаңбыр суын ағызуға қатысты проблеманы 2019 жылы шешуге уәде берді.

 

Тақырып:
Астана жаңалықтары (89)
Кілт сөздер:
қайық, нөсер жаңбыр, жаза, айыппұл, Астана
Загрузка...

Басты тақырып