00:41 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
білім күні

Ата-аналардан ақша жинау заңды ма? Жемқорлықпен күрес агенттігінің жауабы

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
702 0 0

Астанада өткен жиында мектепте ата-аналардан ақша жинау және онымен күресу мәселесі талқыланды

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Ата-аналардан кез келген жағдайда ақша жинау — заңсыз. Бұл туралы білім саласындағы қызметтердің сапасын көтеру мәселелері талқыланған жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Sputnik.  

"Астанада ақпан айынан бастап агенттік пен қалалық әкімдіктің бірлескен " – адалдық алаңы" жобасы іске асырылып жатыр. Оның жұмысы жобалық менеджмент қағидаларына негізделген", — деп атап өтті Бектенов. 

Оның айтуынша, жоба аясында білім саласына жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар олқылық анықталып, нақты ұсыныстар дайындалды. 

"Мектептердегі ақша жинау мәселесін ерекше айтып өткім келеді. Өкінішке қарай, бұл үйреншікті дүниеге айналып отыр. Ата-аналардың көпшілігі оған көндігіп, солай болуы тиіс деп ойлайды. Бірақ олай емес. Мемлекет мектептің бүкіл қажеттілігіне жеткілікті мөлшерде қаражат бөледі, оның ішінде жөндеу жұмыстары мен басқа да шаралар бар.

Ата-аналардан кез келген формада жинау заңсыз. Бұл балабақшаларға да қатысты", — деді төраға орынбасары. 

Ол мемлекеттік органдарға барлық ұсынысты ескеріп, мәселені шешу үшін белсенді жұмыс істеу қажеттігін айтты.

"Астана – адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева Астана мектептерінде бұл мәселе өткір тұрғанын жеткізді. Әлі күнге дейін балабақшаға бару үшін "қосымша" ақша төлеу керек. Кейбір колледждер өрт қауіпсіздігі нормаларына жауап бермейді. Жөндеу жұмыстары оқушылар мен студенттердің есебінен жүргізіледі. 

Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұдан бөлек, отырыста білім беру мекемелерін реформалау мәселесі талқыланды, бұл жұмыстың нәтижесінде мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру мүмкін болады. Бюджеттен қосымша қаржы бөлмей-ақ, оқушыларға жағдай жасау жағы жақсарады, деген сенімде жиынға қатысушылар. 

Тақырып бойынша

Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Еңбек өтілі көп мұғалімдер зейнетке ерте шыға ала ма?
Мұғалімдер оқушыларға ата-анасының қарызын біліп келуді тапсырған
Депутат мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды
Ақтөбеде қыздары мектепте орамал тағатын ата-аналарға айыппұл салына бастады
Мұғалімдерге мектепте қару ұстауға рұқсат етілді
Ақтауда мектепте мұғалім көз жұмды
Сара Назарбаеваның туған күнінде барлық мектепте арнайы сабақ өтеді
Кілт сөздер:
мұғалімдер, мектеп, ақша жинау, ата-ана, білім беру, Астана
Загрузка...

Басты тақырып