Қоғам

Енді имамдар ерлі-зайыптыларды татуластыру қызметін қоса атқарады

© Sputnik / Анатолий Устиненкомешіт
мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырауда дін өкілдері мен судьялар ынтымақтастық меморандумына қол қойды

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Енді атыраулық дін өкілдері медиатордың рөлін де қоса атқаратын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық "Иманғали" орталық  мешітінің баспасөз қызметі

Баспана - Sputnik Қазақстан
Имамдар мемлекеттен тегін баспана алады

Атырау облысы сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов "Иманғали" мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров пен "Успен соборы" православиелік шіркеуінің протоиерейі Александр Козулевпен кездесті.  

Бектұрғанов кездесуде тұрмыстық дауласу көрсеткішінің жоғарылап бара жатқандығын, сәйкесінше ажырасудың  көбейгендігін айтты. 

"Дәстүрлі діндердің ұлттық бірлікті қалыптастыруда және ұлттық моральдық денсаулықты қамтамасыз етуде атқаратын рөлі зор. Өткен замандарда бейбіт өркениеттерде даулар данагөйлер, мешіт және ғибадатхана өкілдерінің көмегімен шешіліп отырған. Біздің мақсатымыз  татуластыру тәжірибесін қайта қалыптастыру", — деп атап өтті ол.  

Дін саласы өкілдері медиация тәжірибесін дін мекемелерінде кеңірек насихаттау туралы бастаманы қолдады.

Тағы оқыңыз: Ресейлік имамдар қазақ тілін үйреніп жатыр

"Медиация институты үлкен маңызға ие. Қай кезеңде де медиация қоғамның дамуын қамтамасыз етіп отырды. Бүгінгі медиация кешегі билер институтының заңды жалғасы. Исламның өзі тұрақтылықты, бірлікті ту еткен дін. Әдетте, мешітке өзара түсінбеушілік, отбасылық жанжал мәселесі бойынша кеңес сұрап келіп жататын азаматтар бар. Ынтымақтастық туралы меморандум соттың, сонымен бірге, дін саласының жұмысын жаңа деңгейге көтеретініне сенім мол", — деді өз кезегінде Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.

Меморандум аясында медиация және татуластыру рәсімдері бойынша бірлескен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының жоспары жүзеге асырылады. 

Жаңалықтар
0