04:28 27 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1878 0 0

Дінімізде "тәхник" деген Пайғамбарымыздан қалған жоралғы бар

АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Бұл сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген мақсатпен жасалған. 

Дей тұрғанмен, "ауызға түкіру" ырымына ұқсас бір рәсім жоқ. Ондай Пайғамбарымыздан сүннет келмеген. Дінімізде, "тәхник" деген Пайғамбарымыздан қалған жоралғы бар. Ол рәсім бойынша, жаңа туған балаға ана сүті берілмей тұрып, құрманы шайнап, оның шырынын, не болмаса, өзге де тәттіні, мысалы, балды таңдайына не тіліне жағады.

Бірақ, тәхниктің мәнін әлдебір ырымнан іздегеннен гөрі, бала денсаулығына тигізер пайдасынан іздеген дұрыс. Мысалы, британдық медицина саласының ғалымдары анықтағандай, жаңа туған сәбидің тіліне жағылған тәтті, оның тамырынан қан алғанда ауырсынуын басып, жүрек соғысын тез қалпына келтіреді екен. Бұл — оның бір ғана пайдалы тұсы. Одан да өзге пайдалы жақтары бары сөзсіз. Мұның пайдалы екендігін ғылым 1995 жылы ғана анықтаған болса, Пайғамбарымыз мұсылмандарға 14 ғасыр бұрын үйретіп кеткен, деп жазады islam.kz. 

Тақырып бойынша

Зинақор еркек пен әйелдің жазасы қандай?
Исламда қандай сөздерді қалжыңдап болса да айтуға болмайды?
Ислам дінінде қыздың теңі болу үшін жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?
Тыйым салынған есімдерді білесіз бе?
Исламда құлақ тесу туралы не айтылған?
Дін министрі қысқа балақ пен сақалға тыйым салу ұсынысына қатысты түсініктеме берді
Дін министрлігі: мешіттерде ішкі тәртіпті бұзу азайды
Кілт сөздер:
пайғамбар, ырым, сәби, ауызға түкірту, ислам діні
Загрузка...

Басты тақырып