16:09 16 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.59
  • EUR429.06
  • RUB6.05
Семіздік

Қарындағы майды кетірудің ең тиімді әдісі анықталды

© Sputnik / Владимир Вяткин
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
620331

Калифорния политехникалық университетінің ғалымы қарынға жиналған майдан қалай тез арылуға болатынын айтты

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Сан-Луис-Обиспо қаласындағы Калифорния политехникалық университетінің қызметкері, ғылым докторы Кари Пилолла ACSM's Health & Fitness Journal журналында қарынға жиналған майдан қалай тез арылуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Күнделікті рационда жасұныққа бай тағамдарды арттырып, қаныққан май мөлшерін азайту қарынға жиналған майды кетіруге көмектеседі, делінген мақалада. Көкөністер, жеміс-жидектер, бұршақ тұқымдастар, дәнді-дақылдарды көбірек жеп, майлы ет, тоқаштар мен жоғары деңгейде өңделген азық-түліктерді рационнан мүлдем алып тастаған жөн. Осылайша тамақтану тәртібі әртүрлі жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуға септігін тигізеді, дейді зерттеуші.

Сондай-ақ, Пилолла қарын майын кетіретін әмбебап "таңғажайып диета" немесе биобелсенді өнім жоқ екенін жасырмады. Ғалымның айтуынша, іштегі майдан арылу үшін дене шынықтырумен айналысу да өте маңызды.

Зерттеуде көрсетілгендей, артық салмаққа душар болған жандарда жүрек-қантамыр аурулары, диабет және метаболизмдік синдромға шалдығу қаупі жоғарылайды.

 

 

Тақырып бойынша

Әлемдегі ең үздік диета белгілі болды
Жұлдызнамаңызға байланысты қандай диета ұстаған дұрыс?
Ғалымдар өмірді ұзартатын диета туралы айтты
Кілт сөздер:
артық салмақ, семіздік, дұрыс тамақтану, диета
Загрузка...

Басты тақырып