19:12 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
580 0 0

Әнші цифрлық хабар таратудың ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, халықты әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырады

АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева аналогтық телевизиядан цифрлыққа (ЦЭТВ) өту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бренд-амбассадоры болып жарияланды, деп хабарлайды Sputnik.

Алтынай Жорабаева Қазақстанда цифрлық хабар таратуға көшудің қажеттілігін түсіндіруге белсенді түрде қатысады. Әншінің айтуынша, жобаға қол ұшын созу кезінде оның азаматтық ұстанымы белгілі болады. 

"Қазақстан заман ағымымен бірге жүріп, жаңа цифрлық технологияларды ендіріп, оларды даму жолында қолдануы қажет", — дейді әнші. 

Алтынай Жорабаева қазіргі тумасы. Ал Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстары осы жылдың қазаны мен желтоқсанында аналогтық хабар таратуды тоқтатып, цифрлыққа өтетін алғашқы өңірлердің қатарында болады.

"Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, халықты құлақтандыру аясында жобаның бренд-амбассадоры Қазақстан халқына цифрлық хабар таратуға өтудің қажеттілігі туралы бейнеүндеу жолдайды. Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының пікірін біліп, халық пен БАҚ үшін сұхбат береді.

 Сонымен қатар, цифрлық хабар таратудың ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, халықты әлеуметтік жауапкершілік танытуға және телерадиохабар тарататын отандық операторды қолдауға шақырады.

Кейбір материалдар Алтынай Жорабаеваның өте көп жазылушысы бар, әлеуметтік желілердегі парақшаларыда жарияланады. Оны Instagram-да 1,7 млн қазақстандық оқиды. 

ЦЭТВ (цифрлық эфирлік телевизия) – бұл "Женева 2006" халықаралық келісімі аясындағы аналогтық телехабар таратудан цифрлыққа өту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама. Құжатқа 100-ден астам елдің өкілі қол қойған. Оның ішінде Қазақстан да бар. 

Тақырып бойынша

Қазақстанға белгілі 4 әнші Халыққа қызмет көрсету орталығына "жұмысқа тұрды"
"Қазақша сөйлеймін". Әнші Шахризат орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты
Әнші Димаш Құдайберген кәсіпкерлікке бет бұрды
Белгілі әнші үйінің жанында атыс ұйымдастырды
Белгілі әнші көшедегі адамдарға миллион доллар таратты
Әнші Бүркіт: Біреуіміз аяғымыз шалынып құласақ, бәріміз жатып күлетін күнге жеттік
"Әнші мен әртісті ақшаға үйреткен байлар" немесе қазақ мәдениетіндегі аш бала кім, тоқ талант кім?
Америкалық Эбби Гилберт әнші Ерке Есмаханның әнін орындады
Әнші Қайрат Нұртас концертке бара жатып жол апатына ұшырады
Кілт сөздер:
цифрлық телевизия, мемлекеттік бағдарлама, әнші, Алтынай Жорабаева, Түркістан
Загрузка...

Басты тақырып