15:56 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Ұйқы

Дәрігерлер ұйқы үшін ең қолайлы уақытты анықтады

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2302 0 0

Ғалымдар ұйқы ұзақтығы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуы арасындағы өзара байланысты зерттеді

АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Еуропалық кардиология қоғамының мамандары ұйқының денсаулық үшін қолайлы уақытын тапты. Тиісті баспасөз-релизі қоғамдастықтың ресми порталында жарияланған.

Зерттеу авторы, дәрігер Эпайминондас Фонтас атап өткендей, қазіргі таңда медицинада ұйқының жүрек-қан тамырлары жүйесіне ықпалы туралы мардымды ештеңе жоқ. 

Зерттеу барысында ғалымдар ұйқы ұзақтығы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуы арасындағы өзара байланысты зерттеді. Бұған дейін жүрегінде еш кінәрат болмаған бір миллионнан астам ересек адамның 11 тексерісінің мәліметтеріне талдау жасалды. Тексерілген пациенттер үш топқа бөлінді. Бірінші топтағы адамдар тәулігіне сегіз сағаттан артық ұйықтаса, екіншісі алты сағаттан аз, ал үшінші топтағыларда ұйқы ұзақтығы алты сағаттан сегіз сағатқа дейін созылған. 

Зерттеу қорытындысы бойынша ғалымдар тәулігіне алты сағаттан аз ұйқы жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттың даму тәуекелін 11%-ға,  ал сегіз сағаттан артық ұйқы 33%-ға ұлғайтатынын анықтады.

Ұйқысы қанбайтын адамдар семіздікке шалдығады

Осылайша, аз ұйқы мен көп ұйқы жүрек аурулары мен инсульттан өлу және ауыру тәуекелін арттыратыны белгілі болды.

Фонтас аз ұйқы денсаулыққа соншалықты ауыр зиян келтірмейтінін, алайда жүргізілген сынақ нәтижесінде тым көп ұйықтаудың салдары өте ауыр болатыны анықталғанын атап өтті. 

Оның айтуынша, дұрыс ұйқы – салауатты өмір салтының маңызды бөлігі. 

Бұған дейін британиялық зерттеушілер ұзақтығы сегіз сағаттан асатын ұйқы адам психикасына да теріс әсерін тигізуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Бейуақытта ұйықтамау туралы шариғатта не айтылған?

Тақырып бойынша

Ғалымдар жүргізушілердің рөлде неге ұйықтап қалатынын анықтады
Ғалымдар көп ұйықтаудың неге қауіпті екенін айтты
Ғалымдар қалай дұрыс ұйықтау керек екенін айтты
Кілт сөздер:
денсаулық, ұйқы, зерттеу, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып