Қоғам

"Үстел қозғала бастайтын". Семейлік дәрігер жантүршігерлік оқиғаны баяндады

CC0 / valelopardo / Дәрігер
Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін қазақтың жанына жазылмас жара салған Семей сынақ полигонының жабылғанына 27 жыл толды

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik, Нұргүл Абай. 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қазақ халқына қасірет төндірген Семей полигоны мәңгіге жабылды. Осылайша Қазақстан әлемде ең алғаш болып ядролық қарудан бас тартты. Айдың-күннің аманында сан адамның өмірін жалмап, мыңдаған отбасыны жылатқан полигонның сұмдық зардабы мен ауыр салдары туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Невада-Семей" қозғалысының белсендісі, сенімді дәрігері Болат Серікбаев әңгімелеп берді.

"Жарылыс үнемі демалыс күні болатын"

1953 жылы Семей полигонында алғашқы сутек бомбасы сынақтан өткізілді, архив кадрлары - Sputnik Қазақстан
Видео
Семей полигонында 65 жыл бұрын алғашқы сутек бомбасының сынағы өтті - видео

"Невада-Семей" қозғалысының сенімді дәрігері Болат Серікбаев сынақтың нағыз эпицентрі болған Абай ауданында тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Ядролық сынақтың зардабын көзбен көріп, жан-дүниесімен сезінгендердің бірі. 

"Біз Абай ауданы, Қарауыл ауылында тұрдық. Әлі есімде, жарылыс үнемі демалыс күні болатын. Таңертең таңғы асымызды ішіп отырғанда, үстел қозғалып, ыдыс-аяқ дірілдей бастайды. Біз оның жарылыс екенін білмейтін де едік. Бізге "әскерлер жаттығу жасап жатыр" деп қана айтатын", — деп еске алды Серікбаев қасіретке толы жылдарды. 

Әр демалыс сайын таңғы сағат тоғызда жер дүр сілкінсе де, әскерилердің кезекті жаттығуы шығар деп ойлайтын тұрғындардың денсаулығында уақыт өте кінәрат байқала бастаған. Адамдардың басы ауырып, қан қысымы көтеріле бастаған. 

"Дәрігерлер босанған анаға сәбиінің кемтар екенін айтуға қиналатын"

Дәрігер Болат Оралбайұлының айтуынша, радиация, ең алдымен, адамның көру мүшесіне мен бір жастағы сәбилерге қатты әсер етеді. 

"Өкінішке қарай, ядролық сынақтың салдары орасан зор болды. Семей өңірінде аяқ-қолы жоқ, кемтар қаншама сәби дүниеге келді. Оның бәрі сол кезде айтылмады ғой. Акушер дәрігерлер ата-анаға дүниеге келген сәбиінің жарымжан екенін жеткізе алмай, соған өздерін кінәлі сезінгендей, қиналып жүретін. Семейдегі медициналық институтта кемтар туған балалардың музейі бар", — дейді қозғалыс белсендісі. 

Солтүстік Кореядан қашып шыққан тұрғындар елде құжық балалар көбейіп кеткенін айтты 

Тіпті сол жылдары кеңшарларда бес-алты жас өзіне-қол жұмсаған. 

"Мұның бәрі жарылыстың құпия факторы болатын. Радиация салдарынан полигон аумағында бір отар қозы соқыр болып туғанын естіген едік. Олар оны бірден жойып жіберді", — дейді ол. 

Айтуынша, Семей сынақ полигонының зардабы қазіргі ұрпаққа да тиіп отыр. 

"Бүгінде елдің жартысында – аллергия, қатерлі ісік жылдан-жылға жасарып барады. Тұқым қуалайтын аурулар көбейді", — деп алаңдайды Болат Серікбаев. 

Қарауыл дәрігері "Невада-Семей" қозғалысына қалай келді?

АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Чен Ынның тарихи кездесуі - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуінен кейін мәлімдеме жасады

Әлемдік қарулану бәсекесінің салдары Семей сынақ полигонының жабылуына "Невада-Семей" қозғалысы үлкен ықпал етті. Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов бастаған антиядролық қозғалыс 1989 жылдың 28 ақпанында құрылған еді. 

"28 ақпан күні теледидардан Олжас Омарұлының сөйлеген сөзін естідім, кейін ол кісі Алматыда халық алдында үлкен митингі ұйымдастырды. Сонау Алматыда тұратын кісілер ядролық қаруға қарсы шу шығарып, сынақты тоқтатуды талап етіп жатқанда, полигонның нағыз эпицентрі Қарауылда біздің үнсіз жүргеніміз менің намысыма тиді. Сондықтан халыққа қасірет төндірген ядролық сынақты тоқтатуға титтей де болсын үлесімді қосу үшін, қозғалыстың құрамына кіруге тура келді", — дейді ол. 

Қозғалысқа мүше болғаннан кейін, ядролық сынақ мәселесін түрлі жиындарда, газет-журналдарда көтеріп, тіпті рұқсатсыз митингі өткізген Серікбаевқа прокуратура тарапынан ескерту жасалады. 

"1991 жылы 9 тамыз күні аудандық прокуратура маған жазбаша түрде ескерту жасады: Кеңес одағының, Қазақ КСР-нің заңдарын бұзып, рұқсат етілмеген митингі жасадың деді. 12 тамызда КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті менімен әңгіме жүргізді", — деп еске алды Болат Оралбайұлы.

Мәңгі жазылмас жара: Семей полигоны  27 жылдан соң  

1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей сынақ полигонының үні мәңгіге өшті. Ал 5 қараша күні тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті араға ай салмай Абай жеріне ат басын тіреді. 

"Қарауыл халқына "Сендер полигон эпицентрінде үлкен көзқарас қалыптастыра білдіңдер. Сендердің арқаларыңда полигонды жаптым" деп алғысын айтты", — дейді Серікбаев. 

30 жыл бойы шешімін таппаған қандай мәселе?

Пуккыксон-2 - Sputnik Қазақстан
Әлем
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын сәтті жүзеге асырды

Қазір Семей қаласында тіс дәрігері болып істейтін Болат Серікбаев өзін мазалап жүрген мәселенің шетін шығарды. Қозғалыс белсендісі Семей қаласының тұрғындарына да жеңілдіктер жасалса деген тілегін білдірді. 

"Хромосомды аберрацияны зерттейтін генетикалық зертхана ашып, адамдарды тексерсе, ядролық сынақтан қай адамның қаншалықты зардап шеккені анықталады. Оны сол бойынша категорияға жатқызып, тиісті жеңілдіктер жасау керек. Біздің медициналық институтта жыл сайын халықаралық конференция өтеді. Мен осы мәселені үнемі көтеремін. Өкінішке қарай, 30 жыл болды, әлі шешімін тапқан жоқ", —дейді дәрігер. 

Болат Оралбайұлы депутаттар радиация зардабын тартып отырған семейліктердің мәселесін тағы бір мәрте қарап, жеңілдіктер жасайды деген үмітте.


Жаңалықтар
0