13:53 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Баланың қолындағы қоңырау

Павлодарлық бірінші сынып оқушысы әлеуметтік желіде жұлдыз болды – қызықты видео

CC0 / svklimkin
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3195 0 0

Павлодарлық биші оқушының видеосы Желіде жылдам таралып кетті

АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Ролик нөмірі 16-шы Павлодар лицейінде Білім күніне арналған салтанатты сап түзеу кезінде түсірілді.

Видеода бір қатарға тізілген оқушылардың алдында би ұжымы өнер көрсетіп жатқаны көрінеді. Алайда балалардың бірі орнында тұра алмай, бишілер тобына қызу қолдау көрсетеді. Оның сыныптастары көңілді әуенді елемей, бір орында тұра берген.

"Типичный Павлодар" аккаунтында жарияланған видеоға желі қолданушылары көптеген жақсы пікір білдіріп, "шын жүректен қуанып, көңіл көтеріп жатқанына қарағанда мектепте қандай сынақ күтіп тұрғанын әлі білмейтін болар" деп қалжыңдады.  

"Өте көңілді бала екен. Супер, керемет. Қыздар да әдемі", — деп жазды қолданушылардың бірі.

"Мектепті кім сағынғаны әп-сәтте көрініп қалды", — деп тағы бір қолданушы қалжыңдады. 

Қызықты видеоны 80 мыңнан астам адам тамашалап үлгерді. 


Тақырып бойынша

Желі қолданушылары Неймардың шашын әзілге айналдырды
Димаштың қарындасы желі қолданушыларын таңғалдырды
Кісі қағып өлтірген жүргізуші әлеуметтік желі арқылы табылды
Абаев әлеуметтік желі жұмысындағы ақаулық туралы: анықтап жатырмыз
Желі пайдаланушылары Теңізде күкірттің ауаға таралып жатқанын хабарлады
Кілт сөздер:
бірінші сынып оқушысы, 1 қыркүйек, би билеу, видео, Павлодар облысы
Загрузка...

Басты тақырып