Қоғам

Маса шаққаннан соң көз жұмған әйелдің өлімі: депутат Біртановқа жүгінді

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация, архивное фото
Операция, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісмен Артур Платонов дәрігер қатесін азайтуға бағытталған жүйелі шаралар кешеніне бақылауды күшейтуді өтінді

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Мәжіліс депутаты Артур Платонов маса шаққаннан кейін ауруханада көз жұмған астаналық әйелдің өліміне байланысты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дәрігер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада маса шаққан келіншектің неліктен көз жұмғаны белгілі болды

"Мен бұған дейін де сіздің ведомствоға препараттарды қолданғаннан кейін, анафилактикалық шоктан көз жұмған балалардың өліміне қатысты депутаттық сауалмен жүгінген болатынмын. Ол кезде сауал стоматологиялық қызметтің жұмысына қатысты еді. Жекеменшік стамология емханасына барған 13 жастағы қыз наркоздан кейін анафилактикалық шоктан қайтыс болады. Сауалда балалар стоматологиясының қызметіне қатысты қажетті стратегиялық және тактикалық шаралар айқын көрсетілсе де, іс жүзінде ешқандай қорытынды жасалған жоқ", — деді мәжілісмен.

Платонов денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді келтіріп, жалтарма жауап қайтарғанын атап өтті.

"Дәл сол стоматология емханасында трагедия қайталанғаннан кейін, мен депутаттық сауалмен тағы бір мәрте жүгінуге мәжбүр болдым. Ол жолы Ресейден ата-анасымен бірге туысқандарына қонаққа келген екі жасар бала көз жұмған еді", — деді ол.

Осыдан кейін депутат Астанада маса шаққаннан кейін көз жұмған келіншектің өліміне де тоқталды.

Елордада масамен күрес басталды

"Жәндік шаққаннан кейін Астананың бірінші қалалық ауруханасына медициналық көмек сұрап жүгінген 28 жастағы Мақпал Еспенбетова уколдан жан тапсырады. Алдын ала жасалған қорытынды мынау, мен сөзбе-сөз келтірейін: Нақтыланбаған шок. Енді басқа зерттеулер жүргізіледі", цитата осымен аяқталады. Дәрігерлердің көмегіне жүгінгеннен кейін болған адам өлімі, нақтыланған-нақтыланбаған шоктар, оқиғаның объективті және субъективті себептеріне талдау жасай отырып, Елжан Амантайұлы (денсаулық сақтау министрі — ред. ескерт.), сізден дәрігер қатесін жоюға немесе барынша азайтуға бағытталған қажетті жүйелі шаралар кешеніне бақылауды күшейтуді сұраймын", — деп қорытты Платонов.

Жаңалықтар
0