01:54 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Вакцина

Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады

© Sputnik / Александр Кондратюк
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес, Байқоңыр тұрғындарына тек ресейлік медициналық ұйымдар қызмет көрсетіп келген

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Бүгін сенаторлар жалпы отырыста "2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы РФ-тың "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндағандай, Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы қолданыстағы келісімге сәйкес, Байқоңыр тұрғындарына тек ресейлік медициналық ұйымдар қызмет көрсетіп келген.

"Ресей медицинасының елімізде көрсетілген медициналық көмектен едәуір айырмашылықтары болғандықтан, қазақстандықтар республика заңнамасына сәйкес, тегін медициналық көмек, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін алу, профилактикалық медициналық тексерістен өту құқығымен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, Байқоңыр тұрғындарының қолжетімді жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндігі жоқ. Бұл мүгедектердің жағдайын айтарлықтай қиындатады және жалпы өмір сүру сапасын төмендету қаупін ұлғайтады", — деді министр Сенаттың жалпы отырысында.

Біртанов хаттама жобасы Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын азаматтарға ұлттық заңнамаға сәйкес медициналық көмек алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"2016 жылы Байқоңыр қаласында Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы медициналық орталығының филиалы пайдалануға берілді. Аталған филиал өңір тұрғындарына стационарды алмастыратын қызмет көрсетуде. Ол үшін тәуліктік 60 төсек және күндізгі 20 төсек ұйымдастырылған", — деді Біртанов.

Сағынтаев Қазақстандағы медицинаны сынады

Сондай-ақ, оның айтуынша, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Байқоңыр қаласында болжам бойынша 30 мың адамға қызмет көрсететін емхана ашылған. Қазір бұл емханада 19 мыңнан астам адам тіркелген.

"Дәрігерлер мен орта буын мамандарымен жасақталған он бір жалпы практика дәрігері бөлімшесі ашылды. 2019 жылы емханада хирургия және реанимация бөлімшелерін ашу жоспарланып отыр", — деп түйіндеді министр.

Тақырып бойынша

Байқоңыр төңірегінде демалыс орны қашан салынбақ?
Депутаттар сот-медицина сарапшыларына қосымша ақы төлеуді талап етті
Алматы түбіндегі әуе апатында екі медицина профессоры қаза тапты
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
Министр: хиджама медициналық қызметке жатпайды
Медициналық сақтандыру қорындағы ақша кімдерге қайтарылады?
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға шегеріледі
Қазақстанда медициналық университет студенттері жаппай шығарылмақ
Атырауда бас сот-медициналық сарапшысы үй қамаққа алынды
Қажылыққа бару кезінде 500 қазақстандық медициналық көмекке жүгінді
Кілт сөздер:
келісім, тұрғындар, көмек, медицина, бала, Байқоңыр
Загрузка...

Басты тақырып