00:49 26 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.83
  • EUR430.99
  • RUB6.04
Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді

Қазақ көкпаршылардың өзбектерден әдейі жеңілгені рас па - федерация жауабы

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
69501

Көкпардан Қырғызстан командасының бұрынғы басшысы Талас Бегалиев қазақ көкпаршыларын өзбектерден әдейі жеңілді деп айыптаған болатын

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан көкпар федерациясының президенті Ерлен Оспанов жартылай финалда қазақ көкпаршылары лайықты деңгейде өнер көрсетті деп санайды.

 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жартылай финалда Өзбекстанға есе жіберіп, финалға шыға алмай қалған еді. Осыдан кейін көкпардан Қырғызстан командасының бұрынғы басшысы Талас Бегалиев қазақ көкпаршылары қырғыздармен ойнауға қорқып, өзбектерден әдейі жеңіліп қалды деп мәлімдеген болатын. Қазақстан көкпар федерациясы көкпар төңірегіндегі шуға түсініктеме беріп, алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырды.

"Мұның бәрі алып-қашпа әңгіме, шындыққа жанаспайды. Қазақ көкпаршылары өте жақсы ойнады. Жеңілді деп те айтуға болмайды, есеп айырмасы онша көп болған жоқ, 5:4. Ойын тікелей эфирде көрсетілді, жігіттер бар күшін салды. Команда құрамы — жастар. Біздің мақсатымыз жастарды осындай үлкен додаларда шығарып, шыңдап алу болды. Бұл енді турнир ғой, алда талай жарыстар бар. Биік белестерге жетеміз деп ойлаймын", — деді Оспанов тілшісіне. 

Қазақстанның көкпар федерациясы Қырғызстанның ішкі істер органдарына Талас Бегалиев туралы айтқан.

"Осы жердің ішкі істер органдарына Талас Бегалиев деген адам келіп, ойыншыларды арандатты деп айттық. Қазір олар осы іспен айналысып жатыр… Қазақстанның құрама командасы отырған автобусқа кіріп, "намыстарың жоқ" деген сияқты ауыр сөздер айтқан. Екі елді араздастырмақ болған", — деді федерация президенті.

Оспановтың пікірінше, көкпар төңірегінде осыншама шу көтерудің ар жағында Қырғызстанның саяси күштері жатыр.

"Біздің мақсатымыз — екі елдің татулығы, көкпар ойынының өркендеуі. Лайық деңгейде өнер көрсеттік деп санаймын. Бұл жарыста көкпарға осыншама назар аударып, шу көтерудің ар жағында қырғыз елінің саяси күштері жатыр деп ойлаймын. Себебі бұл соншалықты байбалам салатын мәселе емес еді. Спорт бізді татуластыруы керек, біз тек сол мақсатта келіп отырмыз. Қырғыз бауырларымызды бір туған, ағайын деп санаймыз, ешқашан олармен араздаспаймыз", — деді ол.

Сондай-ақ, Ерлен Оспанов ақтық сындағы ойынға қатысты жеке пікірімен бөлісті.

"Финалда қырғыз көкпаршылары жеңеді деп ойлаймын. Өйткені, көшпенділер ойыны өз елдерінде өтіп жатыр, оның үстіне команда да мықты. Бірақ, бәрін ойын көрсетеді ғой", — дейді федерация президенті.

Тақырып бойынша

Бекболат Тілеухан: қазақстандық жұлдыздар көкпар тартады
Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді
Америкалықтар көкпар туралы: осы отбасының мүшесі атанғанымыз қандай жақсы!
Қазақстандықтар Астанада көкпар бойынша ӘЧ Ауғанстан командасын ойсырата жеңді
Көкпар ойнаған ковбойлар немесе ұлттық ойынның ережесі қалай өзгереді?
Көкпар ойнап жүрген жігіттер көлікке зақым келтірді
Америкалықтар Қазақстанға көкпар тартуға келеді
Бекболат Тілеухан: америкалықтар көкпар тартып, қытайлар аударыспақты мойындады
Алматыда дау тудырған алып тиін сатуға шығарылды
Тәжікстанда қалыңдықтың пәктігін тексерту жайлы дау ушыға түсті
Кілт сөздер:
көкпар, жастар, спорт, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып