11:09 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
Телефон

Божко вице-министрге: "супер керемет" жолдарда "супер" байланыс қашан болады?

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Тұяқовтың айтуынша, операторлар 2020 жылдың соңына дейін автокөлік жолдарын 2G ұялы байланысымен жүз процент қамтуы тиіс

АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқовқа автокөлік жолдарын ұялы байланыспен қамту мәселесін бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Майра Айсина ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілінен республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары үздіксіз ұялы байланыспен қашан қамтамасыз етілетінін сұрады.

Вице-министр Дарын Тұяқов сұраққа жауап беріп жатқаны сол еді, Божко сөзін бөлді.

"Сұрақ интернет туралы емес. Біздің жолдардың бойында ұялы байланыс қашан дұрыс жұмыс істейді? Сіз бен біз тиісті шешім қабылдаған едік: әр операторға өз терминалын қою айтарлықтай қиын екені түсінікті, сондықтан оларға бірігіп, бір терминал қоюға рұқсат еттік. Алайда, біздегі мәлімет бойынша, біздің сүйікті операторларымыз мұнымен айналысқысы келмейді. Ал сіз интернет туралы айтып жатсыз. Біздің "супер керемет" жолдардың бойында "супер" керемет ұялы байланыс қашан болады? Осыны түсіндіріңізші", — деді мәжіліс спикерінің орынбасары.

Вице-министр ұялы байланыс операторлары 2020 жылдың соңына дейін барлық автокөлік жолдарын 2G ұялы байланысымен қамтуға міндетті екенін атап өтті.

"Интернетке қатысты айтар болсам, қазіргі таңда екі мобильді радиомониторинг көлігін сатып алдық. Бұл екі көлік негізгі тас жолдарда болып, қай жерде байланыс қандай дәрежеде екенін анықтады. 2G бойынша біздің қолымызда мәліметтер бар, жалпы алғанда байланыспен қамту деңгейі қанағаттанарлық. Десек те кей жерлерде жоғалып кетеді. 2020 жылға дейін ұялы байланыспен толығымен қамту міндеттемесі бар", — деп жауап берді Тұяқов.

"Біз еріккеннен сұрақ қойып отырған жоқпыз ғой. Мәселен, Астана-Щучье тас жолында байланыс мінсіз емес, ара-тұра үзіліп кетеді. Балқаш туралы айтпасақ та болады. Сіздерде міндеттеме бар, бірақ сол міндеттемелерді орындау үшін мәжбүрлеу керек. Берілген тапсырманы қашан орындайды деп күтіп отыру, әдетте процестің ұзаққа созылуына әкеледі", — деді мәжіліс төрағасының орынбасары.

Тұяқов министрлік мәселені бақылауға алғанын айтты.

"Иә, дұрыс. Көлікпен аралап шыққан екенсіздер, онда бізге интернет қай жерлерде жоқ екені туралы ақпарат ұсыныңыздар. Алдында ауыл шаруашылығы бойынша үкімет сағаты болғаны есіңізде шығар. Солтүстік Қазақстан облысында бірде-бір байланыспен қамтылмаған ауылдар бар. Ал біз цифрлық ауыл шаруашылығы туралы айтамыз. Осы проблемаға назар аударыңыздар", — деп тапсырды Божко.

Тақырып бойынша

Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттады
"Көздегі интернет, сөйлейтін чип". Алдағы 30 жылда не болады?
Енді интернет арқылы алынған тауарлар Қытайдан 10 күнде жетеді
Қазақстан интернет қолданушылары бойынша нешінші орында тұр?
Кілт сөздер:
ұялы байланыс, интернет, жолдар, ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып