14:05 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
СІМ

Министрлік Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады

© Foto : официальный аккаунт МИД Казахстана в Facebook
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры (13)
299910

Қазір отандасымыз аппеляциялық сот күтіп отыр, соттың нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров шет елдерде түрмеде отырған қазақстандықтардың ісі не болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақжарқын Тұрлыбай аппеляциялық сотты күтіп отыр. Соттың нақты қай күні өтетіні әлі күнге дейін белгісіз. Біз адвокаттармен үнемі байланыстамыз. Консулдарымыз түрмеге барып, отандасымыздың хәлін біліп тұрады. Оның түрмедегі жағдайы мен тергеудің жүргізілуіне қатысты ешқандай шағымы жоқ", — деген Смадияров қандай да бір ақпарат түссе, міндетті түрде хабардар ететінін айтты. 

Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомствоның өкілі тамыз айында Нью-Йоркте ұсталған үш қазақстандықтың ісіне де тоқталды. 

"Мен бұған дейін хабарлағандай, кезекті сот қазан айына белгіленген. Нақты датасы әзірге белгісіз. Бүгінгі таңда үш қазақстандықтың екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Біреуі қамауда отыр", — деді ол. 

Айта кетсек, тамыз айының басында АҚШ-та Қазақстанның үш азаматы ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұсталған еді. Олар: Азиза Джавадзаде немесе Джалолова, 1994 жылы туған; Диора Аширова, 1991 жылы туған және Елена Құдайбергенова, 1970 жылы туған. 

Отандастарымыздың интернет арқылы раритет көліктерді сатуға байланысты алаяқтыққа қатысы болуы мүмкін. Шығынның жалпы көлемі  — 4,5 миллион доллар.


Тақырып:
Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры (13)

Тақырып бойынша

Әбдірахманов Қытайда қысым көріп жатқан қазақтар туралы айтты
Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тың мәлімет жарияланды
Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үміт бар – СІМ
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Ақжарқын Тұрлыбай, Қытай, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар