05:44 22 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.42
  • EUR417.41
  • RUB6.09
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
284 0 0

Осылай бақылап отыру арқылы ғана тұрмыстағы жемқорлықтың алдын аламыз, деді агенттік төрағасының орынбасары

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Бұдан былай Қазақстандағы мектептер мен балабақшалар бюджет қаражатын қайда жұмсағандары туралы ақпаратты өз сайттарында жариялап отырады. Осылай мәлімдеді ҚР мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен жиын барысында, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

Олжас Бектенов білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған ағымдағы жұмыстар туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, ол білім беру ұйымдарында кез келген алым-салым болмауы тиіс екенін айтып өтті. 

"Ата-аналар білім беру ұйымдарындағы жөндеу немесе әртүрлі іс-шараны өткізу жұмыстарына өз қалтасынан қандай да бір ақша жинауға міндетті емес. Яғни мұндай фактілер болған жағдайда жемқорлық ретінде қарастырылады. Өйткені осы мақсаттар үшін бюджеттен жеткілікті мөлшерде қаражат бөлінеді", — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, агенттік төрағасының орынбасары мұндай жағдайлардың алдын алып отыру қажеттігін атап өтті. Осыған орай, Олжас Бектенов мектептер мен балабақшаларда жемқорлық мәселесін шешу үшін қаражаттың қайда жұмсалатыны туралы ақпаратты міндетті әрі ашық түрде жариялап отыруды ұсынды. Өйткені, бұл бюджеттің қаражатын өз орнымен жұмсауға және жемқорлық әрекеттердің болмауына тікелей әсер етеді. 

"Білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестің есептері ресми түрде ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Мұнымен қатар, уәкілетті орган осы мәселені бақылауға және шот ашуға мониторинг жүргізуі керек", — деді ол.

Бұдан өзге Олжас Бектенов мектептер мен балабақшалар бюджет туралы ақпартты өз веб-сайттарында жариялап отырулары тиіс екенін айтып өтті. 

"Осылай бақылау жүргізу арқылы ғана тұрмыстағы жемқорлықты жоюға болады", — деп қорытты спикер.

Тақырып бойынша

Мектеп оқулығына қатысты тағы шу: бұл жолы ата-аналарды ашуландырған не?
Мектеп асханасында оқушылардың түскі ас мәзіріне не кіреді?
"Бала көп, мектеп жоқ". Сағадиев Астанадағы басты проблеманы көтерді
Мектеп формасы қандай болуы тиіс?
Астанада мектеп формасын қайдан сатып алуға болады – жәрмеңкенің кестесі
Қазақстанда мектеп бітіруші түлектер кеші қашан болады?
Кілт сөздер:
ақша жинау, бюджет, жөндеу жұмыстары, мектеп, жемқорлық, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып