22:20 21 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD359.00
  • EUR420.10
  • RUB5.41
Аяз бен жапырақ, ауа райы, үсік

Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

CC0 / werner22brigitte
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
352 0 0

Алдағы күндері республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, үсік жүреді

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. "Қазгидромет" РМК еліміздің жеті өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 13 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде 1 градус, ал Талдықорған қаласында 1-3 градус үсік жүреді.

13-14 қыркүйекте түнде Жамбыл облысында 2 градус үсік жүреді, тұман түседі. Тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Таразда 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Сондай-ақ, 13-15 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с дейін баруы ықтимал.

Күндіз 13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады. Ал Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады деп болжануда.

Тақырып бойынша

Қарағандыда жанармай құю бекетіне найзағай түсіп, жарылыс болды
Шығыс Қазақстанда малшыға найзағай түсті
Шығыс Қазақстанда ірі бұршақ төпелеп жауды – видео
Жаяу жүргінші жай түсіп жүрегі тоқтаған баланы құтқарып қалды
Ағашқа жай түсіп, жүкті әйел қаза тапты
"Кешкі алтыдан кейін жел шығара алмайсыз". Әлемдегі ақылға қонымсыз заңдар
Қатты жел Трамптың шашының "құпиясын" әшкереледі
Кілт сөздер:
жаңбыр, жел, үсік, ауа райы болжамы, ауа райы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар