16:52 26 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD356.54
  • EUR419.43
  • RUB5.42
Әйел пойыздың ішінде, архивтегі фото

Қазақстандық пойыздарда әйелдерге арналған купе пайда болуы мүмкін

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Әйелдерге арналған арнайы купенің болуы әлемдік тәжірибеде бар. Жуырда мұндай купелер біздің де елімізде пайда болуы мүмкін

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда әйелдерге ғана арналған купеге билет сатып алу мүмкіндігі пайда болмақ. Мұндай мүмкіндікті заң шығарушылар транспорт мәселесі жобасы аясында қарастырмақ.

Мәжіліс отырысы кезінде депутаттар мұндай купелердің әлемдік тәжірибеде қолданылып келе жатқанын атап өтті.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың айтуынша, бұл норма заң жобасы аясында тасымалдаушы компаниялармен ақылдаса отырып қаралып жатыр.

"Билет сату бойынша жаңа жүйе аясында біз әйелдерге жеке купе таңдау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Купеде ешнәрсе өзгермейді, тек әйелдер таңдау құқығына ие болады", — деді комитет төрағасы.

Мұнымен қатар, заң шығарушылар билет сатып алып, кейін оны жекеменшік кассаларында қымбаттатып сататын азаматтарға қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізбек. Осы мақсатпен ҚТЖ компаниясы билет сататын кассалар санын азайтып, орнына автоматтанырылған жүйе енгізбек.

 

Тақырып бойынша

ҚТЖ пойыз апатынан қаза тапқан баланың отбасына өтемақы төлейді
Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?
Семейде 21 жастағы қызды пойыз қағып кетті
Сыра көп ішетін әйелдерге мұрт өседі - ғалымдар
Түрікменстан билігі әйелдерге денесін түгел жабатын киім киюді міндеттеді
Түрікменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды
Пәкістанда тек әйелдерге арналған такси жұмыс бастады
Әйелдерге ұнау үшін қандай сөздер айту керек
Кілт сөздер:
әйел, депутаттар, мәжіліс, заң жобасы, пойыз, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар