Қоғам

Қазақстанда заңсыз пәтер жалға бергендер қанша айыппұл төлейді?

Ақша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылы арнайы шаралар арқасында 9 мыңға жуық жалға беруші дербес кәсіпкер ретінде тіркелді

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда тұрғын үйді заңсыз жалға бергендерге алдымен ауызша ескерту жасалады. Кейін осы ескертуге құлақ аспаған жағдайда 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК салықтық әкімшілендіру департаменті камералдық мониторинг басқарма басшысы орынбасары Ербол Әмірханов Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде "Тұрғын үйді заңсыз жалға беру" тақырыбында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Медбике - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда балаға екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін

Бүгінгі таңда қазақстандық тұрғындар арасында өзекті сұрақтардың бірі — жылжымайтын мүлікті бөтен адамға жалға берген кезде қандай салықтық міндеттемелердің орындалатыны. Яғни тұрғындардың көп бөлігі баспананы жалға бергенде қалай салық төлеу керектігін білмейді немесе мүлдем салықтан жалтарады.

Брифинг барысында спикерлер жылжымайтын мүлікті жалға беруге кәсіпкерлер де және жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген тұлғалар да құқылы екендерін атап өтті. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенде салық төлеу процесі қалай жүзеге асатынын айтты.

"Мысалы, жеке тұлға пәтерін жалға бергені үшін айына 100 мың теңге алады делік. Ол бұл жағдайда кәсіпкер ретінде тіркеліп, патент негізіндегі арнайы салық режимін таңдайды. Яғни кіріс сомасының 1%-ін төлейді. 100 мың теңгенің бір проценті 1 000 теңгені құрайды. Мұнда негізгі талап — жалдамалы жұмысшылардың болмауы және салықтың алдын ала төленуі. Яғни патент алғанға дейін.

Сауд Арабиясында әзілдеген адамдарға айыппұл салынбақ

Сондай-ақ, салықты оңайлатылған режимде төлеуге болады. Бұл кезде азамат салықты алты айда бір рет төлейді. Жарты жылда алынған табыс сомасы көрсетіледі. Кейін осы соманың 3%-ін салық ретінде төлейді. Бір ерекшелігі мұндай салықты табысқа қол жеткізген соң төлейді", — деді Ербол Әмірханов.

Құрбан Айт - Sputnik Қазақстан
Әлем
Құрбан айтқа мол дастархан жайғандарға айыппұл салынады

Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды түрде немесе өзі келу тәртібінде дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы жайлы хабарламаны ұсынуы қажет.

Бүгінгі таңда комитет пен ішкі істер департаменті және ПИК-пен бірлесіп, заң бұзған жалға берушілерді анықтау бойынша түрлі шара жүргізіп жүр. Осындай шаралардың арқасында 2017 жылы 9 мыңға жуық жалға беруші дербес кәсіпкер ретінде тіркелді. Ал биыл тағы 7 мың адам тіркелді. Алайда осы шараларға қарамастан тұрғындардың көп бөлігі салық төлеуден жалтарып отыр.

Осы орайда, спикерлер "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексіне сәйкес, салық есебін уақытылы тапсырмаған және кәсіпкерлікпен тіркелмей айналысқан азаматтардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Дәлірек айтсақ, белгіленген мерзімде салық төлемеген азаматтарға бірінші ескерту жасалады. Осы ескертуден кейін де салықтан жалтаратын болса, 36 075 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл төлейді.

Жаңалықтар
0