05:51 20 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.30
  • EUR419.68
  • RUB5.58
Астана әуежайының жаңа терминалы

Полиция ескерту жасады: Астана әуежайында не болып жатыр?

© Sputnik / Асем Миржекеева
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
366 0 0

Жаттығулар жұма күні әуежай территориясында сағат 09.00 мен 13.00 арасында өтеді

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына келушілерге жұма күні таңертең антитеррористік жаттығулар өтетіні туралы ескертілді, деп хабарлады Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жоспарланған антитеррористік жаттығулар халықаралық "Нұрсұлтан Назарбаев" және "Air Astana" жедел штаб қызметкерлері үшін таңғы сағат тоғыздан түскі сағат бірге дейін өтеді. 

Шараның мақсаты – ведомствоаралық қарым-қатынысты нығайтып, транспорт объектілерінде террористік жағдайлар болған кезде шұғыл іске кірісу жұмыстарын жетілдіре түсу. 

"Жаттығуларда әртүрлі күрделі элементтер болатындықтан, расымен де, террористік әрекеттер болып жатқандай көрінуі мүмкін", — делінген хабарламада. 

Жаттығуларды өткізу кезінде тыйым салу шаралары қолданылады. Осы орайда, азаматтардан жаттығуға түсіністік танытып, барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау сұралады.

Тақырып бойынша

Астана тұрғыны жалған терроризм үшін сотталды
Сарапшы Астанадағы келіссөздер туралы: терроризм қауіпі Сирияның сыртына шығып кетті
Қарағандыдағы жалған терроризм ісі: мұғалімнің анасы үкімнен бір күн бұрын көз жұмды
Кілт сөздер:
оқу-жаттығулар, әуежай, Астана
Загрузка...

Басты тақырыптар