Қоғам

Бас санитарлық дәрігер тұмаумен ауырмау үшін не істеу керек екенін айтты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуДәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Комитет төрағасы ересектерді балалар денсаулығына аса мән бермейді деп сынады

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Тұмауға шалдықпау үшін дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтау керек. Жұмыста бір адам сырқатанып қалса, инфекцияны бүкіл ұжымға таратуы мүмкін. Ал бұл экономикаға кері әсерін тигізеді. Бұл жайында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин №9 қалалық емханада өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жандарбек Бекшин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тұмауға қарсы вакцинаның бағасы қанша теңге тұрады?

Жандарбек Бекшин алдымен тұмаудың алдын алуға көмектесетін шаралар туралы айтты.

"Адамның дені сау болуы үшін дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтаудың маңызы зор. Сондай-ақ, тамақ құрамында дәрумендер көп болуы керек. Жидектерден шырғанақ пен итмұрынды шикідей немесе қайнатып суын ішуге кеңес беремін. Ал жемістерден лимон мен грейфруттың пайдасы мол. Өзіміз халық емі ретінде пайдаланатын пияз бен сарымсақ тұмауды расымен де емдейді", — деді ол.

Әрі қарай ол жұмыс берушілерге қызметкерлеріне вакцина салдыруға көмектесуді өтінді. Сондай-ақ, мұның қандай жаман салдары болуы мүмкін екенін айтып өтті.

Бекшин оқулықтардың салмағы қанша грамнан аспауы тиіс екенін айтты

"Адамдар көп жүретін қоғамдық орындарға бармаған жөн. Әсіресе, есік-терезесі ашылмайтын бөлмелерге кірмеу керек. Ауырып қалған болсаңыз, міндетті түрде бетперде киіңіз. Жұмыс берушілерге қызметкерлердің тұмаумен ауыруы экономикаға кері әсерін тигізетінін айтқым келеді. Көп адам қатар ауырып қалса, олардың барлығы емделуге мәжбүр болады. Сол себепті әр жұмыс беруші белгілі бір шара қолданып, қызметкерлеріне вакцина салуға көмектессе нұр үстіне нұр болатын еді. Басшылар қол астындағы адамдардың ауырып қалмауына жағдай жасауы тиіс. Бірнеше минуттық пайда кейін кері әсерін беріп, бір қызметкер тұмауды бүкіл ұжымға жұқтыруы ғажап емес", — деді төраға.

Қазақстанда бүгінде көбінесе инфекциялық ауруларға 5 жасқа дейінгі балалар шалдығады. Бекшиннің айтуынша, ересектер өздерін емдегенімен, балалардың денсаулығына аса мән бермейді. Дәлірек айтсақ, елімізде инфекциялық ауруларға шалдыққандардың 65-70%-і балалар мен жасөспірімдер.

Жаңалықтар
0