16:33 26 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD356.54
  • EUR419.43
  • RUB5.42
Жандарбек Бекшин

Тұмауды антибиотикпен емдеген дұрыс па?

© Foto : Служба центральных коммуникаций
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
161 0 0

Комитет төрағасы антибиотик қолдану мәселесінің барша әлемді толғандырып отырғанын айтты

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Бүгінгі таңда вирустық ауруларды антибиотик көмегімен емдеу мәселесі кеңінен талқыланып отыр. Себебі, мамандар бұл препараттардың тұмауды емдеуге көмектеспейтінін айтады. Бұл туралы толығырақ №9 қалалық ауруханада өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтып берді, деп хабарлады тілшісі.

Жандарбек Бекшин соңғы кездерде тұрғындардың тұмауды емдеу үшін антибиотикті жиі пайдаланатынына тоқталды. Сондай-ақ, ол мұның дұрыс еместігін айтып өтті.

"Өте маңызды мәселе көтеріп жатырмыз. Себебі Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде антибиотик мәселесі өзекті болып тұр. Тұрғындар оларды дәрігердің нұсқаулығынсыз пайдаланады. Кейін оның ауруды емдеуге еш көмегі тимейді. Әлем осы проблеманың алдында тұр", — деді ол.

Әрі қарай комитет төрағасы антибиотикті қандай жағдайда ғана қолдануға болатынын жеткізді.

"Жалпы тұмауды бастапқы кезеңде антибиотикпен емдемеу керек. Олардың еш тиімділігі жоқ. Вирусты жоюға көмектесетін арнайы препараттар болады. Бірақ оларды дәрігерлермен кеңесіп пайдалану қажет. Себебі дәріге қатысты кей ақпаратты дәрігер ғана түсінеді. Жалпы антибиотиктерді кеңесе отырып пайдаланған дұрыс", — деп қорытты сөзін Жандарбек Бекшин.

Дәрігер тұмаумен ауырмау үшін не істеу керектігін айтты

Сондай-ақ, ол елімізде азаматтарға вакцина салу шаралары қалай жүргізіліп жатқанын, бұған қанша қаражат кететінін айтып өтті.

Тақырып бойынша

Бекшин оқулықтардың салмағы қанша болуы керек екенін айтты
Бекшин: менингиттен көз жұмғандар дәрігерге уақытында көрінбеген
"Ет жасыл түсті болған". Бекшин Қарағандыда ауызашарда уланғандар жайлы айтты
Тұмауға қарсы вакцинаның бағасы қанша теңге тұрады?
Қазақстанда балаға екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін
Премьер-министр: менингитке қарсы екпе бағасы тым қымбат
Меккеге қажылыққа аттанбас бұрын қандай екпе жасатқан жөн
Кілт сөздер:
әлемде, екпе, дәрі-дәрмек, дәрігер, тұмау, Жандарбек Бекшин
Загрузка...

Басты тақырыптар