Қоғам

Қасымов Теннің өлімінен кейінгі үш күнді қалай өткізгенін айтып берді

© Sputnik / Тимур БатыршинҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов
ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы осы жылдың шілдесінде автокөлік ұрыларының қолынан мерт болған еді

АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімінен кейін үш күн бойы ұйықтамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Министр қылмыс жасалған күні ТМД елдеріндегі әріптестерімен бірге Ақтауда болғанын айтты.

Қолына кісен салынған қыз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің өліміне қатысты іс: әйелге қандай айып тағылғаны белгілі болды

"Теннің өлімі туралы телефонмен хабар бергеннен кейін, бұл іс тұрақты бақылауымда болды. Қылмыскерлерді анықтап, біріншісін ұстағанда, оқиғаның қалай болғанын шамаладық. Екінші қылмыскерді ұстау сәл қиынға соқты. Өйткені нақты мекенжайы болған жоқ, сондықтан қосымша күш тартып, тұтас шағын ауданды қоршауға алдық. Оны таңертең бір үйден шығып, екіншісіне бара жатқан жерден ұстадық. Ал әйел телефонмен байланысқа шыққаннан кейін қолға түсті. Үш түнді ұйқысыз өткіздік. Осы оқиға туралы президентке екі рет баяндадым. Бұл қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырды, трагедия бәрінің қабырғасын қайыстырды. Полиция қылмысты әшекерелеу үшін барын салды", — деді министр ОКҚ-де өткен брифингте. 

Айта кетсек, Денис Теннің өлімінен кейін қазақстандықтар ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап еткен еді. Бүгін Қалмұханбет Қасымов отставкаға кету ойында жоқ екенін білдірді, айтуынша, мұндай шешімді президент қана қабылдайды. 

Қазақстандық спортшы осы жылдың 19 шілдесінде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. 

Аталған факті бойынша үш адам ұсталды. Олар Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов, Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Алғашқы екеуі ұрлық, қарақшылық және адам өлімі бойынша, ал әйел қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін айыпталып отыр.


Жаңалықтар
0