16:33 26 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD356.54
  • EUR419.43
  • RUB5.42
Емханаға тіркелу тақырыбында өткен пресс-конференция

Дәрігерлер қаралған емхана көңіліңізден шықпаса не істеу керектігін айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
265 0 0

Бұдан былай бір практикалық дәрігер 1 700 адамды қарайды. Осы уақытқа дейін олар 2 000 адамға дейін емдейтін

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қыркүйектің 15-ші жұлдызынан бастап Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталады. Аталған науқан тура екі айға созылып, 15 қараша күні аяқталады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жандарбек Бекшин
© Foto : Служба центральных коммуникаций

Науқанның мақсаты — қаралып жүрген емханасына көңілі толмайтын азаматтарға емдеу мекемесін ауыстыруға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, бұл шара нарыққа жаңадан қосылған медицина ұйымдарының келер жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алуына жағдай жасау мақсатында өткізіледі.

"Өткен жылғы тіркеу науқаны барысында 300 мыңнан астам қазақстандық азамат емхана таңдау құқығын пайдаланған болатын. Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден екі есе көп. Сондай-ақ, тіркеу компаниясына деген қызығушылықтың артқанын, азаматтардың аталған науқан туралы ғана емес, емхананы еркін таңдау құқығы жайлы да біле бастағанын білдіреді", — деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Мамандар мүмкіндігінше таңдалған емхананың үйге жақын болуы дұрыс екенін атап өтті. Себебі, үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердің жедел көмек көрсетуіне, жедел жәрдемнің уақытылы жетуіне жағдай жасайды. Мұнымен қатар, дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту үшін тіркеле алатын адамдар саны шектелмек. Бұдан былай жалпы практика дәрігеріне ең көп дегенде 1 700 адам ғана тіркеле алады. Ал осы уақытқа дейін бір дәрігер 2 000 адамға дейін қызмет көрсететін.

Бекшин: тұмауды антибиотикпен емдеуді қою керек

"Осы өзгеріс жаңа учаскелердің ашылуына себеп болады деген үміттеміз. Сондай-ақ, осы мәселеге бизнес өкілдері назар аударса нұр үстіне нұр болар еді. Былтырғы жылдың өзінде қормен келісімшарт бекіткен жеткізушілер саны едәуір артты", — деді МСҚ стратегия және әдіснама жөніндегі басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов.

Қазіргі таңда қордың жеткізушілер тізімінде 1 365 медициналық ұйым бар. Оның 623-і — жекеменшік иелері. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал 2019 жылы олардың саны 10%-ке артады деген болжам бар.

Жандарбек Бекшин
© Foto : Служба центральных коммуникаций

"Азаматтар үш түрлі жолмен, яғни таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады", — деді МСҚ медициналық көмекті пайдаланушылармен жұмыс және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Емханаға тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініш талап етіледі. Ал egov.kz порталы арқылы тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Қызметтің нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін пайдалануға болады. Ал халықты тіркеумен айналысатын емханалар тізімі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы "Клиника таңдау" бөлімінде орналасқан Биылғы тіркеу науқанына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 580 ұйым қатысып жатыр.

Тақырып бойынша

Дәрігерлер адамның миынан құрт алып шықты
Дәрігерлер бесінші ана өліміне қатысты түсініктеме берді
Дәрігерлер сушиден уланған ер адамның қолын кесуге мәжбүр болды
Қыздың кеудесінен 14 жылдан бері аяқ-қол өсіп жатыр – дәрігерлер операция жасамақ
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі
Қараудың өзі қорқынышты – дәрігерлер темекінің салдарын видеода көрсетті
Пойызға мініп, елді аралаған дәрігерлер бригадасы 75 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетті
Кілт сөздер:
адам, әлеуметтік, онлайн тіркелу, жекеменшік емхана, дәрігерлер
Загрузка...

Басты тақырыптар