Қоғам

Астана әуежайында ұшақ қозғалтқышы өртке оранды

© Sputnik / Анатолий Устиненкоәуежайы
әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресми мәліметтер бойынша, оқыс жағдайдан зиян шеккендер жоқ

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында "Эйр Астана" ұшағының қозғалтқышы жанып кетті, деп хабарлады Sputnik аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана әуежайының жаңа терминалы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Полиция ескерту жасады: Астана әуежайында не болып жатыр?

2018 жылдың 15 қыркүйегінде "Эйр Астана" компаниясының Airbus А320 ұшағының сол жақ қозғалтқышы жанып кетті. Аталған ұшақ "Атырау-Астана" бағытындағы КС 982 рейсін орындамақ болған.

"Әуежай өрт сөндірушілері отты өшіріп үлгерді. Бортта 91 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған", — делінген хабарламада.

Ресми мәліметтерге сәйкес, оқыс жағдайдан зиян шеккендер жоқ. Дәл қазір инженерлік компания оқыс жағдайдың себебін анықтап жатыр. Кейін қорытындыға сәйкес арнайы тексеріс жұмыстары жүреді.

 

Жаңалықтар
0