Қоғам

Алматының туған күні: қаланың 10 құрметті азаматы

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы жексенбі 16 қыркүйекте Қала күнін атап өтті. Алматы - Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі, халқының саны - 1 806 833 адам. Қаланың он құрметті азаматы туралы Sputnik материалынан оқыңыз.

Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы — Алматы қаласының туған күні тойланады. 2018 жылы қаланың мерейтойы 16 қыркүйекке түсіп отыр. Бірақ, дәстүрге сай, Қала күніне арналған шаралар мерекеден біраз уақыт бұрын басталып кетеді.

Алматыда 25 тамыздан бастап Қала күні аясында 100-ден астам мерекелік шаралар өткізіледі. Олар күн сайын қаланың ең басты бес алаңқайында болады — Астана алаіы, Абай алаңы, "Алматы Арена" мұз кешені, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы, Панфилов және Жібек жолы көшелері.

Қаланың құрметті азаматтары:

Атап өтсек, оңтүстік астананың құрметті азаматына тиісті куәлік, диплом, төсбелгі және құрмет лентасы ұсынылады.

Карл Молдахметұлы Байпақов – кеңестік және қазақстандық археолог халым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының археология институтының директоры. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.

© Sputnik / Серикжан КовланбаевКарл Байпаков
Карл Байпаков - Sputnik Қазақстан
Карл Байпаков

Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбеков – мемлекеттік және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, жазушы, ғылым.

© Photo : сайт ЦИК РКМырзатай Жолдасбеков
Мырзатай Жолдасбеков - Sputnik Қазақстан
Мырзатай Жолдасбеков

Камал Сәруарұлы Ормантаев – педиатр дәрігер, медициналық ғылымдар докторы, профессор, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының вице-президенті және академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999).

Вера Васильевна Сидорова – Қазақстан ССР комсомол, партия және мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның Коммунистік партиясы Таран және Қостанай аудандық комитеттерінің бірінші хатшысы, Қазақ ССР Жоғарғы кеңес Президиумының төрағасы міндетін атқарушы болған. Социалистік еңбек ері (1976). Қазақ ССР еңбек сіңірген агрономы.

Самат Жиенбаев – қоғам қайраткері.

Дәулет Сембаев – танымал қазақстандық қаржыгер, Қазақстан қаржы жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы (1993-1996), экс-сенатор. Мемлекеттік қызметтен кейін "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығын басқарды, қазір Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы және Almaty Management University қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Асанәлі Әшімов – әйгілі қазақстандық театр және кино актері әрі режиссері, ҚазССР халық әртісі, КСРО халық әртісі. "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі" кинофильмдердегі рөлімен танымал. 2014 жылы шыққан Ермек Тұрсыновтың "Кемпір" картинасына түскен.

© Sputnik / Айгөзел ҚадырАсанәлі Әшімов Астанадағы "Еуразия" кинофестивалінің қызыл кілемінде
Асанәлі Әшімов Астанадағы Еуразия кинофестивалінің қызыл кілемінде - Sputnik Қазақстан
Асанәлі Әшімов Астанадағы "Еуразия" кинофестивалінің қызыл кілемінде

Шота Уәлиханов – атақты қазақстандық мүсінші, Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторы. Шота Ыдырысұлы Алматыдағы Тәуелсіздік монументі авторларының шығармашылық тобын басқарған, Астанадағы Кенесары хан ескерткішін жасаған.

Жақсылық Үшкемпіров – классикалық стиль бойынша кеңестік балуан, олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек ері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980). Әлем чемпионы.

© Sputnik / Юрий Сомов / Медиабанкке өтуЖаксылык Ушкемпиров (в центре)
Жаксылык Ушкемпиров (в центре) - Sputnik Қазақстан
Жаксылык Ушкемпиров (в центре)

Леонид Гирш – отставкадағы полковник, Ұлы Отан соғысы ардагері, төтенше жағдайлар қызметінің еңбек сіңірген жұмысшысы, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, "Алматы облысының құрметті азаматы", Бес орден және отыз бес медаль кавалері.

Жаңалықтар
0