00:31 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Жылап тұрған қыз

Үш рет өз әкесі зорлаған қыз педофилдерді піштіруге қарсы шықты

© Photo : Fotolia/Vkara
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
556140

Оларды өлім жазасына кесетін болсақ, қорыққаннан бірден құрбандарын өлтіріп кететін болады, дейді Йоханна Ақбергенова

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Педофилдердің өлім жазасына кесілуіне қарсымын. Себебі, ертең олар осыны естіген соң өздерінің құрбандарын өлтіріп кететін болады. Осылай деді үш рет педофил құрбаны болған Йоханна Ақбергенова Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.

Бүгінде "Не молчи" қоғамдық қорының баспасөз хатшысы Йоханна Ақбергенова өзін биологиялық әкесінің үш мәрте зорлағанын айтты. Яғни бойжеткен өзін педофилдің құрбанымын деп санайды. Десе де, ол қылмыскерлер мен педофилдерді өлім жазасына кесуге қарсы шықты.

"Менің анамды 29 жасында туысы зорлаған. Бұл жағдаймен өзім де кездестім. Бір емес, үш рет. Мені зорлап кеткісі келген кісі — өзімнің биологиялық әкем. Педофилдерді өлім жазасына беру керек пе, керек емес пе деген тақырыпта петиция жинап жатыр. Меніңше, педофил болсын, қылмыскер болсын, оны өлім жазасына кесуге болмайды. Неге халық түсінгісі келмейді?! Шариғатта өлім жазасы бар болса да, адам баласының өмірін қалай тартып алуға болады?!" — деді ол.

Бойжеткен биологиялық әкем деп айтып отырған азамат оның анасының туысы. Сол себепті өзі бір қолсыз кемтар болып туған. Әрі қарай ол неліктен қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді қаламайтынын жеткізді.

"Менің педофилдердің өлім жазасына кесілгендерін қаламауыма бір себеп бар. Әйелді немесе баланы зорлаған адам, тірі қалдырсам бір нәрсе айтып қояр деген оймен оны өлтіріп кетеді", — деді Йоханна Ақбергенова.

Сондай-ақ, ол педофилдерді піштіруге қарсы шықты. Себебі, осы піштіретін дәріге қарсы препараттар жетерлік. Яғни олар өздеріне салынған дәрінің күшін аз уақыт ішінде қайтарып жіберіп, бұрынғы әдеттеріне қайта басады. Ол мұның орнына педофилдерді жұмысқа "жегіп", алған ақшаны құрбандарына беруді ұсынды.

Тақырып бойынша

Он үш жастағы қызды азаптап, зорлаған педофил ерлі-зайыпты 100 жылға сотталды
Қазақстанда алғаш рет педофил химиялық жолмен піштіріледі
Жасөспірім қызға тиіспек болған педофил итке талана жаздады
Педофил өз құрбанының жерлеу рәсіміне қатысқан
Ол ештеңе айта алмай, жылай берді – педофил шабуылдаған баланың әжесі
Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды
Платонов педофил-рецидивисттерді өмір бойына бас бостандығын айыруды ұсынды
Кілт сөздер:
құрбан, қыз бала, әке, педофил, зорлау
Загрузка...

Басты тақырып