13:38 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Жасөспірім, архивтегі фото

"Асырайтын ерім бар". Жынысын ауыстырғысы келетін жігіт қалай күн көретінін айтты

CC0 / Wokandapix
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
259713

Өз өмірі туралы айтқан қазақстандық трансгендер көзіне жас алды

Мені асырап жүрген ер адам бар. Бірақ, ол кісінің отбасына қатысты ешнәрсе айтқым келмейді. Бастысы ол маған әйел ретінде қарайды. Осылай деді Лола есімді қазақ жігіті Жетінші арнаның "Өз ойым" бағдарламасына берген сұхбатында.

1951 жылы Джордж Уильям есімді америкалық сарбаз отаның көмегімен әйелге айналды. Сондай-ақ, Үндістанда жыл сайын жүздеген қыз бір жасқа дейін жыныс ауыстырудың құрбаны болады. Отбасында қыздан гөрі ұл баланың дүниеге келуін тәуір көретін кейбір үнділер жасқа да толмаған қыздарын жасырын клиникаларға апарып, жынысын еркекке ауыстыруды әдетке айналдырған. Қазақстан да мұндай құбылыстан қалыс қалған емес. 2009 жылдан бері 25 адам жынысын ауыстырған. ҚР Әділет министрлігінің берген ақпараты бойынша, 2015 жылы 8 адам, соның ішінде төртеуі жынысын әйелден еркекке, төртеуі керісінше еркектен әйелге ауыстырған. Жуырда жынысын ауыстырғысы келетін тағы бір азамат бар. Ол — 22 жастағы Лола есімді жігіт. Өзін қыз бала болып тууым керек еді деп есептейді. Ер адам болып дүниеге келгенін қателік санайды. Оның, айтуынша, бүгінгі адамдар тым қатыгез.

"Мені араласатын адамдарымның барлығы түсінеді. Көшедегілер де түсінеді. Осы күнге дейін ешкім шабуыл жасап көрген емес. Еркін жүремін. Еш жерде жұмыс істемеймін, үйдемін. Қалай өмір сүріп жүргенімді талқыға салғым келмейді.

Мен ешқайсыңыздан қалай өмір сүріп жүрсіз деп сұрап жатқан жоқпын. Осындай сауалдардың не керегі бар?! Қалай өмір сүргім келсе, солай жасаймын. Мен ешкімнен ақша сұрап тұрған жоқпын ғой. Бір демеушім бар. Осыны білгілеріңіз келіп тұр ма?" — деп ашуланды Лола.

Трансгендер бастапқыда өзін асырап бағатын азамат туралы айтуға қысылғанмен, кейін оның әлі де көмектесетінін жеткізді.

"Алдымен ақша жинап алайын. Жыныс ауыстыру отасын содан кейін барып жасатамын. Ал демеушіме келетін болсақ, ол маған әйел ретінде қарайды. Әрине, ол ер адам. Ол кісінің отбасына қатысты сұрақтарыңыз артықтау", — деп көзіне жас алды трансгендер.

Дәрігер адам миына ота жасап, құрт алып шықты

Әлем бойынша жыныс ауыстыру отасы алғаш рет 1931 жылы Эйнер Вегенер есімді даниялық суретшіге жасалған. Бастапқыда жұбайының өтінішімен әйел болып киініп, жаңа туындының кейіпкеріне айналған ол бірте-бірте әйел киімін үстінен тастамайтын болған. Жалпы ХХ ғасырдың соңында өзінің әу бастағы жаратылысын қателік деп танып, жынысын ауыстырғысы келетіндерге бірден шизофрения деген диагноз қойып, оларды өмір бойы психиатриялық ауруханада қамап ұстаған.

Ал, Сіз оқырман, мұндай жағдайда не істеуге болады деп ойлайсыз? Жалпы трансгендерлерді қолдайсыз ба?

Кілт сөздер:
ота, ер адам, шабуыл, жас жігіт, трансгендерлер, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып