08:23 18 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD377.62
  • EUR426.03
  • RUB5.67
Ақша

Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (60)
345901

БЖЗҚ төрайымының айтуынша, қордағы ақшаны басқа мақсаттарға беру үшін 10 проценттік жарна аз болуы мүмкін, алдымен оның жеткілікті-жеткіліксіз екенін анықтау керек

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда заң бойынша зейнетақы қорындағы ақшаны баспана алуға немесе тағы басқа қажеттіліктерге беру мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева мәлімдеді, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі. 
Наурызбаеваның айтуынша, Қазақстан заңнамасында зейнетақы қорындағы ақшаны баспана, оқу секілді түрлі қажеттіліктерге алу қарастырылмаған.

"Қазіргі таңда біздің жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істегеніне 20 жыл ғана болды. Бұл жолдың жартысы ғана десек те болады, өйткені әр адамның еңбек өтілі 35-40 жылға тең. Сондықтан біз жарты жолдамыз, азаматтардың есепшотына жиналған ақша онша көп емес. Мәселен, жылына 8 немесе 12 рет жарна салатын адамдардың есепшотында 2-3 миллион теңге ғана бар. Қазіргі кезде зейнетке шыққаннан кейін адамдар орташа есеппен 82 жасқа дейін өмір сүреді десек, 63 жастан 82 жасқа дейін оларға зейнетақы төлеп тұруымыз керек. Ал есепшоттағы ақша 20 жылға жете ме, жетпей ме, соны қарастыруымыз керек. Сондықтан бұл үшін 10 процент жарнаның жеткілікті немесе жеткіліксіз екенін қоса талқылау қажет", — деді Наурызбаева Сенатта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі бойынша өткен кездесуден кейін.

Осы орайда ол азаматтарына зейнетақы шотындағы ақшаны керегіне пайдалануға рұқсат беретін Сингапур тәжірибесін мысалға келтірді.


"Сингапурдың тәжірибесін алсақ, бұл елде зейнетақы аударымы 35 проценттен асады. Азаматтардың жинаған ақшасы әу бастан-ақ үш есепшотқа бөлінеді. Олар: негізгі шот – тек зейнетақыға арналған, қалған екеуі – оқу, емделу, баспана сияқты қажеттіліктерге. Сондықтан зейнетақы қорындағы ақшаны басқа мақсатта жұмсау туралы сөз қозғайтын болсақ, алдымен 10 проценттік жарнаның жеткілікті-жеткіліксіз екенін талқылаған жөн", — деді қор төрайымы.

Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (60)

Тақырып бойынша

Қазақстанда орташа зейнетақы 101 мың теңге екені рас па? Министрдің жауабы
Қазақстандықтардың біраз бөлігі зейнетақы алмайды: БЖЗҚ түсініктеме берді
Қартаң әйел зейнетақы үшін өлген күйеуімен бірге тұрған
Жақыпова: пәтер мен көлікті сатудан зейнетақы жарнасы алынбайды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
жарнама, жас отбасы, пәтер, зейнетақы, баспана, Нұрбибі Наурызбаева, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар