11:39 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Қыз бала шашын ұстап күліп тұр

Қазақ қызы тікелей эфирде өзінің көңілдес екенін айтып мақтанды

CC0 / Inactive account – ID 7110427
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2009 0 0

Психолог Марал Сарбасқызы көңілдестен тікелей эфирде өтірік айтпауды өтінді

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Мен өзімді өте сұлу, құштарлықты оятатындай тартымды әйелмін деп ойлаймын. Осы күнге дейін кездесулерге барып жүрмін және бара беретін де боламын. Бұдан ешқандай әбестік көріп тұрғаным жоқ. Осылай деді көңілдес болып жүрген 38 жастағы әйел Еуразия арнасының "Өз ойым" бағдарламасында.

38 жастағы Құндыз есімді әйел өзінің төрт жылдан бері көңілдес болып жүргенін айтып мақтанды. Психолог маман, шын мәнінде, көңілдеске бұл өмірі ұнамайтынын айтып, ұялтып тастады. Тіпті, арасында "жерге түсуін" талап еткен кездері де болды. Бұл диалогқа тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы араласып, көңілдесті жақтап сөйледі.

"Өзім 1980 жылы дүниеге келдім. Тұрмысқа да шыққан жоқпын, балаларым да жоқ. Еш жерде жұмыс істемеймін. Бұрын Алматы қаласында жүргенімде ыдыс жуып, аспаздың көмекшісі болдым. Күніне 3 000 теңге төлейтін. Бір күні досымның досымен таныстым. Сол кісімен кездестім. Кейін мені өзінің мейрамханасына жұмысқа алды. Араға бір ай салып кездесе бастадық. Осы Мұрат деген кісі көпке дейін маған үйленетінін айтып келді. Бір жылдан кейін оның әйелі бар екенін білдім", — деді Құндыз.

Әрі қарай әйел болашақта өзінің де тұрмысқа шыққысы келетінін айтып өтті. Алайда сүйіктісінің бірінші отбасында кішкене балалары болғандықтан, бұл ойы туралы ашып айта алмайды екен. Десе де, ол отбасылы сүйіктісінің бүгінде өзіне демеуші болып, үй сатып алып бергенін жеткізді.

"Бұл оқиғаға төрт жыл өтті. Мен кісінің жүрегіне ғана қараймын. Әлгі жігітпен әзір де жүріп жатырмыз. Мен үшін арамызда махаббат болғаны ғана маңызды. Ең бастысы, ол кісі бай. Қазір екі қала арасында жүрген жайы бар. Болашақта жұмысқа орналасамын деген ойым бар. Десе де жұмысқа орналасудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тұрмысқа шыққым келеді. Жаңағы ер адам қалай айтса солай болады. Бәлкім ол маған үйленгісі келетін шығар. Басқа жігіт тауып аламын ба деген ойым да бар. Кішкене баласы болғандықтан, еріме әзірге ешнәрсе дей алмаймын. Алдағы уақытта өзіміздің де баламыз бола ма деген жоспар бар. Ешуақытта тағдырым осылай болады деп ойламаппын. 23 жасымда оқуды тәмамдаған соң тұрмысқа шығамын деп ниеттемін. Жақсы жігіттерді менсінбей жүріп алған кездерім де болды. Демеушім маған үй сатып алып берді. Ашығын айтқанда Астанаға келгенде осы үйге келіп тұрады", — деді көңілдес.

Құндыздың бұл сөздеріне психолог Марал Сарбасқызы сенбейтінін жеткізді. Тіпті, намысына тиетін сөздер айтып, 38 жастағы әйелден жасанды әлемінен шығуды сұрады. Артынша неліктен қатты сөздер айтып отырғанына тоқталды.

"Мәселе арамдықтың жоғында емес, инфантилизмде болып отыр. Бұл кісі балалық шақта қалып қойған сияқты. Екіншіден, көп нәрсені ойыңыздан құрастырып отырсыз. Бай, демеушіңіз қаражат беретін ханымға ұқсамайсыз. Аяғыңыздағы аяқ киімге қарасақ та, екі өлшемге үлкен. Ол кісі сізді үлде мен бүлдеге орап отырса, мұндай арзан аяқ киім кимейтін едіңіз. Сондықтан шындық пен ойыңыздан құрастырып жатқанның арасын ажырата біліңіз. Дәлірек айтсақ, жасанды әлемде өмір сүріп жатырсыз. Осы тұста неге қатты айтып жатқанымды түсіндіремін. Ең болмаса, осылай бір бикештің санасын оятқым келеді. Қазір осы нәрсе қарқынды түрде үрдіс болып бара жатыр", — деді психолог Марал Сарбасқызы. 

Әйел өз кезегінде бұл сөздердің жанына батып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол психологтың көзілдірігін шешу туралы ұсынысынан бас тартты.

"Мұндай сөзді мен бірінші рет естіп отырмын. Ойларына не келсе, соны айта берсін. Менің жүрегімде махаббат бар. Десе де, көзілдірігімді шешуден бас тартамын. Мен оны не үшін шешуім керек?! Бұл менің өз шешімім. Бұл сіздің пікіріңіз. Қанша адам болса, сонша пікір бар", — деді көңілдес.

Бағдарлама барысында Ләйлә Сұлтанқызы психологтан кейіпкер намысына тимеуді өтінді.

"Алмас екеуіңіз, шынында да, адамның намысына тиіп отырсыздар. Қалай "Ничего лишнего" деп айтасыздар?! Маған біреу "Сенің аяқ киімің жаман дейтін болса, "Бұл сіздің жұмысыңыз емес. Марал, сіздің олай айтуға құқығыңыз жоқ" дер едім. Көзілдірікті мұнда араластырудың не қажеті бар? Керек болса көзілдірігін шеше салсыншы. Менің айтайын деп отырғаным, бұл ойлап табылған әлем болса да, өзіне ұнайтын сияқты", — деді тележүргізуші.

Тақырып бойынша

Психолог: қыздардың шетелдікке тұрмысқа шыққаны балаларына жақсы
Психолог адамдар әлеуметтік желіге неге сурет салатынын айтты
Психолог: Баланы озат оқушы болуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ
Қазақ жігіт тікелей эфирде жынысын ауыстырғысы келетінін айтып жылады - видео
Тікелей эфирде сұхбат беріп отырған әйел тіл тартпай кетті
"Өзің оңбаған!". Шенеуніктер тікелей эфирде төбелесті
Алматы маңында жас жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды
Кілт сөздер:
көңілдес, махаббат, психолог, тікелей эфир, әйел, ләйлә сұлтанқызы
Загрузка...

Басты тақырып