Қоғам

Қазақшаға судай америкалық желі қолданушыларын таңғалдырды - видео

© Sputnik / Владимир Пирогов / Медиабанкке өтуКиіз үйді орнату
Киіз үйді орнату - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде шетелдік азаматтың Ақтауда тұратыны, домбырада ойнап, қазақ тілін жетік меңгергені туралы жарыса жазылып жатыр

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Америкалық қазақ тілін еркін меңгергендігін көрсетіп Қазнетті шулатты.

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде еш қиналмай сөйлеп тұрған шетелдік туралы видео қызу талқыға түсіп жатыр. Ер адамды Астана хостелдерінің бірінде ұялы телефон камерасына түсіріп алған екен. Видео авторы оны "Шыңғыс аға" деп таныстырды.

Ролик кейіпкері өзінің Америкада туғанын, қазір Ақтауда тұрып жатқанын айтты. Елордаға досымен бірге жұмыс бабымен келген. Осылайша америкалық өзі туралы қазақша еш мүдірмей айтып берді.

Ер адам қазақстандықтарға қонақжайлылықтары үшін алғыс айтып, Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасының нығаюын тіледі.

"Бізге бұл жерде өте қатты ұнайды. Барлықтарыңызға мұнда келуге кеңес береміз. Ал мемлекет тек көркейе берсін. Алла сіздерге разы болсын", — деді "Шыңғыс аға".
Жаңалықтар
0