13:08 17 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Хиджаб киген қыз

Бас мүфти Ақтөбедегі хиджаб дауына қатысты пікір білдірді

© AFP 2019 / Mohammed Huwais
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
671 0 0

Серікбай Қажы Ораздың пікірінше, ата-аналар балаларының тағдырын шешпеуі тиіс

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз оқушылардың хиджаб киюі мәселесінде ата-аналар мен педагогтар ортақ келісімге келуі керек екенін айтты.

Астана арнасының хабарлауынша, мүфти Ақтөбеге арнайы келген. 

"Балиғат жасына жетпеген, тіпті, жеті-сегіз жастағы 1-3-сынып оқушыларының тағдырын тәлкек етіп, саудаға салғандай жасау — жансақ дүние. Біз ұрпағымызды білім алудан, көзі ашық, қарақты үлкен азамат болып қалыптасу жолындағы осындай мүмкіндіктерден айырмауымыз қажет", — дейді діни қызметкер.

Осы уақытқа дейін ақтөбелік ата-аналар балаларын мектепке хиджабпен кіргізбей қойғаны үшін шу шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған-ды. Орамалын шешуден бас тартқан оқушылар келесі сыныпқа қалды.

Тақырып бойынша

Хиджаб киетін он алты оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Хиджаб кигендерді жақтап, президентке жолдау жасаған имам жұмыстан қуылды
Түркістан облысындағы хиджаб дауы: оқушылар орамалын шешті
Мектепке хиджаб киюге қатысты Конституция не дейді? Белгілі заңгер жауап берді
Сағадиев хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбеген мұғалімдерді жақтады
Хиджаб киетін қыздардың ата-аналары жеке мектеп ашуға құқылы – министр
Шығыс әлемінде: ресейлік қыздар хиджаб киіп футбол ойнады
Кілт сөздер:
оқушы, мектеп, ата-аналар, хиджаб, Бас мүфти, Серікбай қажы Ораз, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырып