06:58 04 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD397.56
  • EUR445.94
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
963 0 0

Ұсынысты сенат депутаттары қолдады, енді Білім және ғылым министрлігі қарастырып жатыр

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда мектеп қабырғасында хиджабпен бірге қысқа белдемше киюге де тыйым салынуы мүмкін. 

"Хабар 24" арнасының мәліметінше, бұл туралы Қоғамдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеген. 

Әзірге бұл ұсынысты Білім және ғылым министрлігі қарастырып жатыр. Жыл басынан бері ел мектептерінде хиджаб киетін 2 жарым мың қыз бала оқып жатқаны анықталды. Олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс жүргізілгеннен кейін, бұл көрсеткіш күрт төмендеді. Сондай-ақ енді ел тұрғындары көшеде бетін жауып жүре алмайтын болады. Мұндай шешім қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. 

 Сенат депутаттары комитет отырысында тиісті заң жобасын қолдады. 

"Біз жаңалық ашып отырған жоқпыз.  Еуропа елдерінде ондай нормалар заңға енгізілген. Ең біріншіден, қауіпсіздік тұрғысынан қажетті нәрсе. Бұл жерде тек балаклава, паранджа, ниқабты айтып отырған жоқпыз", — деді ҚР қоғамдық даму министрінің орынбасары Берік Арын. 


Тақырып бойынша

Хиджаб киетін он алты оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Түркістан облысындағы хиджаб дауы: оқушылар орамалын шешті
Мектепке хиджаб киюге қатысты Конституция не дейді? Белгілі заңгер жауап берді
Сағадиев хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбеген мұғалімдерді жақтады
Кілт сөздер:
оқушы қыз, мектеп, хиджаб, қысқа белдемше, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып