Қоғам

"Өздеріңіз барып көріңіздер" Астанада алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуПәтер
Пәтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер барлық жағдайы жасалған пәтерлерді жалға береміз деп хабарландыру жариялаған алаяқтарды ұстады

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Астанада полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы екі қызды қолға түсірді. Олар азаматтарды алдау жолымен ақшаларын иемденіп келген.   

Тергеу барысында қыздар қаланың орталығынан төмен бағада жайлы, барлық жағдайы жасалған пәтерлерді жалға береміз деп хабарландыру жариялағаны анықталды. Хабарламада шынында да жалға берілетін тұрғын үйдің суреті жапсырылған, бірақ мүлде басқа адамдар мен басқа бағада.

Лада, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Семей тұрғыны "Лада-Гранта" көлігін "ұтып алғанына" өкініп қалды

Зардап шегушілермен жолығу кезінде қыздар өздерін жылжымайтын мүлік бойынша риэлтормыз немесе қожайынымыз деп таныстырған. Сосын пәтердің кілтін табыс етіп, қолдары бос еместігін, пәтердің мекенжайын айтып, өздері барып көрулерін ұсынған. Сосын ақшаны алған да жоқ болып кеткен. Ал пәтер жалдаушылар ақша да жоқ, қалаған шаршы метр де жоқ, сан соғып қалған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.   

"Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК "алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында көрсетілген тұлғалардың Астана территориясында дәл осы тектес алты қылмысқа қатысы бары анықталды. Зардап шегушілерге келтірілген залалдың сомасы 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейін. Зардап шегушілердің саны бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты, дәл осындай фактіден зардап шегушілерді Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ жанындағы аудандық полиция бөліміне шағымдануларын сұранамыз", —  деп жазылған Астана ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  


Жаңалықтар
0