Қоғам

Қазақтың алып батырлары Париж тұрғындарын тамсандырды – видео

© Photo : kazakhfilmstudios.kzфильмге арналған костюмдер
фильмге арналған костюмдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Франция астанасының тұрғындары ұлттық киім киген қазақ жігіттерімен суретке түсті

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек — Sputnik. Әлеуметтік желіде батыр киімін киген алып денелі жігіттердің Париж көшесімен қыдырып жүрген видеосы пайда болды. Роликтің астында жігіттердің қазақ екені жазылған. 

Батырлар Париж тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырды. Көптеген адам олармен суретке түсіп жатты. 

Желі қолданушылары батырлар қазақстандық фильмдерге қызығушылық тудыру үшін көшеге шықты деген болжам жасады. Бұл туындылар биыл мамырда Канн кинофестивалінде жұртшылық назарына ұсынылған болатын. 

Жаңалықтар
0