12:02 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Кеңсе

Ғалымдар: кеңседе жұмыс істейтіндер ажырасуға бейім келеді

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
299 0 0

Социологтар кеңседегі жұмыс пен ажырасудың арасындағы байланысты анықтады

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Кеңседе үлкен ұжымда қызмет ету ажырасуға әкеп соғады, деп анықтады швед социологтары. Жұмыс істеу түрі мен отбасылық өмір арасындағы өзара байланыс туралы зерттеу Sciencemag журналында жарық көрген.

Мамандар Данияда 1981 – 2002 жылдар аралығында некеге тұрған ерлі-зайыптылар туралы деректерді саралады. Бұл елді тегіннен-тегін таңдамаса керек: Данияда басқа скандинавиялық мемлекеттермен салыстырғанда адамдар жиі ажырасатын көрінеді. Оның үстіне, дат әйелдері баланы өмірге әкелгеннен соң керемет мансап құру қабілетіне ие.

Журналда аталып өткендей, социологтар қарастырған уақыт аралығында жүз мыңдай жұп ажырасыпты.

Көбінесе, жұмыс бабы бойынша ерлер арасында істейтін әйелдер немесе әйелдер арасында істейтін ерлер ажырасуға бейім келетін болып шықты. Дәлірек айтқанда әйелдер қауымы арасында қызмет ететін ер адамдар 15 пайызға жиірек отбасын тастап кеткен.

Бекболат Тілеухан әйелдерін қалау тату ұстап отырғанын айтты

Ал әйелдерге қатысты мамандар келесі қорытынды жасады: кеңседе жұмыс істейтін әйелдер 10 пайызға жиірек ажырасатын көрінеді.

Зерттеулер бойынша, жоғары білімі бар, қызмет көрсету саласында еңбек ететін адамдар ажырасуға бейім келеді.

Ал шаңырағы шайқалмаған мамандар арасында – кітапханашылар мен фермерлер көш бастайды.

Тақырып бойынша

Сауалнама. Қазақтар басқа ұлт өкілімен отбасын құруға қалай қарайды?
Ерлі-зайыптылар бір-бірін неге қызғанады?
Көзге шөп салған ерлі-зайыптыларды қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды
Ғалымдар қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратынын анықтады
Кілт сөздер:
кеңсе, ажырасу, жұмыс, зерттеу, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырып