11:43 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
Полиция мен жедел жәрдем

Терезеден құлай жаздаған ер адамды құтқарған полицейге алғыс жарияланды

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
419 0 0

Жедел қызметкер бесінші қабаттағы терезеден салбырап тұрған ер адамға көмекке ұмтылған

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Полиция капитаны Ербол Сәліковке Астанада бесінші қабаттан құлай жаздаған ер адамды құтқарғаны үшін алғыс жарияланды.

Алматы ауданы ішкі істер басқармасының қызметкері қайғылы оқиғаның алдын алған.

Көмекке шақырған дауысты естіген Ербол Сәліков бесінші қабатқа шыққан. Ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, есікті ешкім ашпаған соң, ер адам бұзып кірмек болыпты.

Бір-екі деп санай бастағанда, әйел адам есікті ашып, полицейді кіргізеді. Капитан бөлмеге кіріп, терезеден салбырап тұрған ер адамды, тартып, шығарып алады.

Ішкі істер департаменті басшылығы Ербол Сәліковке алғыс жариялады.

Сенбі күні елорда тұрғыны бесінші қабаттан құлап кете жаздады. Әйелі есікті жауып, күйеуін үйден шығармай қойған соң, ер адам балконға шығып кеткен. Терезеден салбырап тұрған оны оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алыпты.

 

Тақырып бойынша

Екібастұзда екі оқушы түнде бесінші қабаттан құлады, біреуі көз жұмған
Шымкентте әйел 14-қабаттан құлап кетті
Қытайда екі баланы анасы 5-қабаттан тастап жіберді – видео
Балконда үлкен дәретке отырмақшы болған жігіт алтыншы қабаттан құлап түсті
Балаларын шақырмақ болған астаналық келіншек 12-қабаттан құлап кетті
Кілт сөздер:
құтқару, ер адам, биіктен құлау, полиция, Астана
Загрузка...

Басты тақырып