19:46 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Телефон, иллюстративті фото

Полиция балаларды ұрламақ болғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
201 0 0

Министрлік жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Мессенджерлерде таралған балаларды ұрламақ болғаны жайлы ақпарат қазақстандықтарды дүрліктірді. Дегенмен ішкі істер министрлігі интернет арқылы жария етілген мәліметті жоққа шығарды.

Ведомство Қазақстан аумағында балаларды ұрлаумен байланысты қылмыс тіркелмегенін мәлімдеді.  

ІІМ баспасөз қызметі жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске салып өтті. 

Әлеуметтік желілерде дүрбелең тудыру мақсатында жалған ақпарат тарататындар көп. Мұндай жаңалықта оқиғаның орны, уақыты мен күні туралы нақты мәлімет болмайды.  

Бұған дейін полицейлер Ақтауда педофил жүргені, сондай-ақ жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж көтерілгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.  

Осы жылдың наурызында мессенджерлерде Алматыда теракт болуы мүмкін деген жалған хабарлама пайда болды.  

Тақырып бойынша

ІІМ Денис Теннің өліміне қатысты: әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттар жалған
БҒМ жалған ақпарат тарату фактісіне қатысты мәлімдеме жасады
Ақтөбелік әйел түрмеге қайта түсу үшін жалған ақпарат таратқан
Сөмкесі "ұрланған" семейлік студент қыз ұятқа қалды
"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
Кілт сөздер:
хабарлама, бала ұрлау, ІІМ, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып