11:16 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Математика

Қазақстандық "калькулятор қыз" әлемдік рекорд орнатты

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
284 0 0

Менталды арифметика бойынша ең ұзақ математикалық эстафета Әлемдік рекордтар кітабына енгізілді

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Ақтау қаласының алтыншы сынып оқушысы Орынгүл Арыстан менталды арифметика бойынша әлемдік рекорд орнатқан команда құрамында болды.

26 минут, 26 секунд және 12 миллисекундта балалар 30 мың есеп шешкен, деп хабарлайды "Хабар 24". Сайыс Екінші Еуразиялық әйелдер форумы аясында Ресейде өтіпті, әлемнің түпкір-түпкірінен 150 оқушы қыз қатысқан.

Орынгүл Арыстан менталды математикамен бірнеше жыл бойы айналысып келеді. Арифметикалық есептерді тез шешу қабілетінің арқасында Орынгүл "калькулятор қыз" деген атқа ие болған.

Оқушының айтуынша, байқауға бір ай бойы дайындалып, күніне екі сағат есеп шешкен көрінеді.

"Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Эстафета кезінде бір-бірімізге қарындаш бере отырып, мысалдарды орындадық", — дейді Орынгүл Арыстан.

Менталды арифметика бойынша оқытушы Қарлығаш Әбдірайымованың сөзіне сүйенсек, тарихтағы ең ұзақ математикалық эстафета Әлемдік және Азиялық рекордтар кітаптарына жазылған.

Ал, бір қызығы, қыз бала болашақта математик емес, дәрігер болуды армандайды екен.

Тақырып бойынша

Қазақ қызы менталды математикадан өткен халықаралық жарыста 1-орын алды
Қазақстандық оқушы қыз шахматтан әлем чемпионы атанды
Бес тілді білетін түркістандық оқушы араб және француз тілін үйреніп жүр
Кілт сөздер:
рекорд, оқушы, менталды арифметика, Ресей, Ақтау
Загрузка...

Басты тақырып