19:22 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Кәрілік

Ғалымдар қартаюды баяулатудың ең оңай жолын анықтады

CC0 / Sabine van Erp
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
402110

Көкөністер мен жеміс-жидектердің құрамында кездесетін физетин заты адам денсаулығын жақсартып, жасын ұзартады

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. АҚШ-тағы Миннесота Университеті мен Майо Клиникасының ғалымдары анықтағандай, көптеген көкөніс пен жемісте кездесетін табиғи физетин заты адамның денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына оң әсерін тигізеді, деп жазады РИА Новости EurekAlert! порталына сілтеме жасап.

Жас ұлғайған сайын адам ағзасында жасушалар қартайып, зақымдалған жасушалар саны арта түседі.

Жастық шақта иммундық жүйе ағзаны мұндай жасушалардан оңай тазартқанымен, қартайған сайын оның тиімділігі төмендеп, ағзада зақымдалған жасушалар жинақталып, адам денесіндегі ұлпаларға зиянын тигізеді.

Зерттеушілер жасы ұлғайған тышқандарға масс-цитомерия пайдлана отырып зерттеу жүргізіп, физетиннің ағзадағы зақымдалған жасушаларды азайтатынын анықтады, нәтижесінде тышқандардың денсаулығы жақсарып, өмір жасы артқан.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, физетиннің көмегімен адамның бойындағы қуаты сарқылмаған кезде де, тіпті өмірінің соңында да денсаулығын жақсартып, жасын ұзартуға болады, деп қорытынды жасады мамандар.

Бұдан бұрын АҚШ-тың ғалымдар тобы тамақтану арасындағы уақытты арттыру өмір сүру ұзақтығына септігін тигізетінін анықтаған болатын.

Тақырып бойынша

Ғалымдар аспириннің қандай қатерлі ауруды емдейтінін айтты
Ғалымдар қандай қалыпта ұйықтау өлімге әкеліп соқтыратынын анықтады
Сыра көп ішетін әйелдерге мұрт өседі - ғалымдар
Ғалымдар жалғыздықтан арылуға көмектесетін көлік түрін анықтады
Ғалымдар ер адамдардың әйелдерден ақылдырақ екенін дәлелдеді
Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады
Ғалымдар кәрілікке қарсы ем ойлап тапты
Кілт сөздер:
ұзақ ғұмыр, дұрыс тамақтану, денсаулық, салауатты өмір салты, қарт, ғалымдар, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып