Қоғам

Астанада науқас медбикені соққыға жығып, қабырғасы мен жағын сындырды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуНауқас емделіп жатыр
Науқас емделіп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқас соққыға жыққан медбике қазір ауруханада емделіп жатыр

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Жұма күні ауруханамызға келіп түскен науқас күзетшімізді соққыға жығып, медбикеміздің жақ сүйегі мен қабырғасын сындырды. Қазір қызметкерлеріміз емделіп жатыр. Осылай деді Теміржол ауруханасының директоры Сергей Демочкин, деп хабарлайды тілшісі. 

Төбелес - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада науқастың басынан тепкен дәрігерге қатысты шешім қабылданды

Астана қаласындағы Теміржол ауруханасының директоры күн сайын өздеріне физиологиялық қана емес, психологиялық күйі де қиын науқастардың келіп түсетінін айтты. Жуырда келіп түскен науқастардың бірі аурухана күзетшісі мен медбикесін соққыға жығып, кейінгісінің қабырғасын сындырған.

"Науқастардың оғаш қылық танытуы жиі кездеседі. 28 қыркүйек күні ауруханамызға келіп түскен науқас күзетшіні ұрып-соғып, медбикенің жағын сындырған болатын. Қазір қызметкеріміз емделіп жатыр. Мұндай жағдай ауруханамызда бірінші рет болып отырған жоқ. Бізге күн сайын оғаш қылықтар шығаратын науқастар келіп түсіп жатады. Бірақ бұл медициналық қызметкер оларға жұдырықпен жауап қайтаруларына болады деген сөз емес", — деді Теміржол ауруханасының директоры Сергей Демочкин журналистерге арналған брифинг барысында.

Күні кеше аталған аурухананың 26 жастағы дәрігерінің науқасты басынан тепкен сәті түсірілген видеосы әлеуметтік желіні шулатты. Ертесінде денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Әлия Рүстемова бұл жағдайдың елорда ауруханасында болмағанын айтты. Кейін бұлай ақпарат таратуына тексеріс жұмыстарының ұзаққа созылуы себеп болғанын айтты.

Жаңалықтар
0