20:23 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
626 0 0

Абай аудандық соты жеті жыл бұрын Стамбул – Шымкент ұшағынан шекарашылар тапқан 111 мың долларды мемлекет кірісіне аударуға шешім шығарды

ШЫМКЕНТ, 4 қазан — Sputnik. Шымкенттегі Абай аудандық сотының шешімінен кейін мемлекеттік бюджет 111 мың долларға байыды.

Жеті жыл бұрын шекарашылар ұшақтан тапқан соманың иесі анықталмауына байланысты қаржы мемлекетке өткізілген.

Көлемді қаражатты қазақстандық шекарашылар Стамбул – Шымкент ұшағын тексеру кезінде тауыпты. Алайда ақша жолаушылардың ешқайсысына тиесілі болмай шықты.

Тәркілеуді ресімдеген шекара сақшылары бүкіл материалды көліктегі полицейлерге тапсырып, олар контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ұшақтан 111 мың доллар табылғалы бері жеті жыл өтсе де, иесі анықталмады. Осы уақыт аралығында ақша айғақ ретінде тергеуде сақталған. Заңның механизмдері мен баптары ірі сомаға құқықтық мәртебе беруге кедергі жасап, тек биыл ғана заңдағы өзгерістерге байланысты контрабандалық қаражат заңдастырылып, мемлекет бюджетіне аударылды.

"Биыл қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін контрабандалық ақша көлемінің шектік мәні артуына байланысты заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін қылмыстық іс тоқтатылды", — деп мәлімет берді Шымкенттің көліктегі прокуратура баспасөз қызметі.

19 қыркүйекте Шымкенттің Абай аудандық соты қаражатты "иесіз" деп танып, мемлекеттік бюджетке аударуға шешім қабылдады.

Әуежайдан ұшып шыққан ұшақтан алтын құймалар шашылды

Тақырып бойынша

Әуежайдан ұшып шыққан ұшақтан алтын шашылды
Астана тұрғыны қомақты ақша тауып алды
Астанада шетелдіктің білезігін тауып алған полицей марапатталды
Кілт сөздер:
мемлекеттік бюджет, ұшақ, әуежай, доллар, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып