01:25 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Мұғалім, архивтегі фото

Елбасы ұстаздардың мәртебесі туралы заң қабылдауды тапсырды

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент жолдауы-2018 (21)
156810

Президенттің айтуынша, мұғалім қосымша жұмыспен айналыспай, өзінің сабағына дайындалуы керек

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Келесі жылы "Педагогтардың мәртебесі" туралы заң қабылданады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Келесі жылы "Педагогтардың мәртебесі" туралы заң әзірлеп қабылдау қажет деп санаймын. Ол мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері мен мұғалімдерді ынталандыратын шаралар қарастырып, жүктемені азайтуы тиіс. Мұғалімдерге барлығын үйіп-төгеді: сайлауды да мұғалімдер өткізеді, үгіт-насихат та солардың мойнында, бірдеңе істеу қажет болса, тағы мұғалімдер. Бұл үшін оларға ешкім ақша төлемейді, оларды артық жұмыстан босату керек, олар сабаққа дайындалуы керек", — деді Назарбаев Ақордада. 

Сондай-ақ, президент үш ауысымды және мектеп тапшылығын шешу үшін қосымша қаражат бөлуді тапсырды.

Назарбаевтың халыққа жолдауы — онлайн-репортаж

"Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отырып, мектептер мен балабақшаларды жүз процент бейнбақылау жүйесімен жабдықтауды тапсырамын. Мектеп психологтарының жұмысын күшейтіп, басқа да шараларды қолға алу керек. Бізде мектептер тапшы, үш ауысымдық мектептер бар. Сондықтан 2019-2021 жылдары осы мақсатқа қосымша 50 миллиард теңге бөлуді тапсырамын", — деді ол.

Тақырып:
Президент жолдауы-2018 (21)

Тақырып бойынша

Исекешев жаңа оқу жылында ұстаздардың жалақысы өсетінін айтты
Министр ұстаздардың үстемеақысын көбейту мәселесі шешіліп жатқанын айтты
Депутат Сағынтаевқа ұстаздардың үстемеақыға қатысты наразылығын жеткізді
Депутат Сағынтаевқа өздерін қорғауды сұраған ұстаздардың жанайқайын жеткізді
Сағынтаев ұстаздардың жалақысын өсіру бойынша министрлікке тапсырма берді
Кілт сөздер:
Жолдау 2018, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып