00:33 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Елжан Біртанов

"Өлім жазасына кесеміз бе?". Біртанов дәрігерлер жұмысына қатысты пікір білдірді

© Foto : Служба центральных коммуникаций
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
825 0 0

Денсаулық сақтау министрі науқастардың өліміне бірден дәрігерлерді кінәламауға шақырды

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кез келген оқыс жағдайда дәрігерлерді кінәламай, алдымен толыққанды тексеріс жүргізіп алу дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Министрдің пікірінше, қоғам тарапынан жасалатын қысым керісінше дәрігерлердің жақсылап жұмыс істеулеріне кедергі жасайды.

"Бір науқас өлсе, адамдар бірден дәрігерлерді кінәлайды. Ал адамның бұған қандай қатысы бар? Сіздер емнен бас тарту, ата-аналардың балаларына екпе салуға қарсылық танытуы, ер азаматтардың жүкті әйелдеріне есепке тұруға кедергі келтіруі, берілген дәріні ішпей, оның орнына ішімдік пен темекі тұтынуы сынды жағдайларға қараңыздар. Мұның барлығына дәрігерлер кінәлі ме?" — деді министр.

Қазақстанның бас дәрігері, сондай-ақ, осындай жағдайлардың көбеюі салдарынан көптеген ақ халаттының басқа салаға кетіп жатқанын айтты.

"Дәрігерлер батырманы басып қойып отырмайды. Ол жақта механика, интеллектуалдық жұмыс бар. Сондай-ақ, белігілі бір шешім қабылдайды. Егер алдына келген науқас өз ауруы туралы толыққанды ақпарат алып келмесе, бірнәрсені айтпаған болса немесе ес-түссіз жатса, шешім қабылдау қиындай түседі. Сол себепті шұғыл жағдайларда дәрігерлер түйсігіне сүйеніп қана шешім қабылдайды. Жұмыстарының басты мәні осыда. Оларды осы үшін өлім жазасына кесейік пе?" — деді бас дәрігер Елжан Біртанов.

Тақырып бойынша

Астанадағы үш әйелдің өлімі: министр Біртанов түсініктеме берді
Астанада дәрігердің науқасты неге тепкені белгілі болды
Қазақстанда "дәрігердің қателігі" деген ұғым заңнан алынып тасталмақ
Қарағандыда 2 баланы өлтіріп алған дәрігердің ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Астанада дәрігер науқасты соққыға жықты: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Дәрігер ота жасағаннан кейін науқасты зорлап тастады
"Үстел қозғала бастайтын". Семейлік дәрігер жантүршігерлік оқиғаны баяндады
Кілт сөздер:
жұмыс, өлім, министр, науқас, дәрігер, Денсаулық сақтау министрлігі, Елжан Біртанов
Загрузка...

Басты тақырып