16:40 10 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.49
  • EUR421.06
  • RUB5.54
Анатолий Шкарупа

Жақсалиевтың орнына жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

© Foto: Сайт акима Карагандинской области
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
82 0 0

Энергетика министрлігі басшысының бұрынғы орынбасары жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Анатолий Валерьевич Шкарупа ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті атқарған Бақытжан Жақсалиев лауазымынан босатылды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.

Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары қайда?

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың жазында Бақытжан Жақсалиев жемқорлық істің фигуранты атанды. Ол Бурабайдағы көлді тазарту барысында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Сөйтіп, бұрынғы вице-министр үй қамаққа алынды. Дәл осындай айып бойынша оның әріптесі Ғани Сәдібеков те ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, ол "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысымен сыбайласып, Щучинск-Бурабай курорттық аумағындағы көлдерді тазартуға бөлінген бюджеттік қаражатты қымқырған.

Анатолий Шкарупаның өмірбаяны

Анатолий Шкарупа 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "отын-энергетика кешені саласындағы экономика және менеджмент, инженер-экономист" мамандығы бойынша, 2016 жылы — КАЗГЮУ университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1998 жылы "KEGOK" ААҚ-да жетекші маман болып бастады, онда 2005 жылға дейін бөлім басшысы, Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.

2005–2013 жылдары Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігі құрылымында жұмыс істеді. Электр және жылу энергетикасы саласында реттеу департаменті директоры, Агенттік төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.  

2013–2104 жылдары — "ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ басқарма төрағасы.

2015–2017 жылдары — Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі.

2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Тақырып бойынша

Энергетика министрлігі вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Энергетика вице-министрі мен бірқатар шенеунік парамен ұсталды
Энергетика вице-министрі Сәдібековтің үй қамауында ұстау мерзімі ұзартылды
Кілт сөздер:
кадрлық тағайындаулар, сыбайлас жемқорлық, ҚР энергетика министрлігі, Ғани Сәдібеков, Бақытжан Жақсалиев
Загрузка...

Басты тақырыптар