10:48 24 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD361.15
  • EUR414.71
  • RUB5.53
Күрек

Вице-министр мұғалімдер күні қарсаңында көше тазалаған ұстаздар туралы түсініктеме берді

РИА Новости
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
353 0 0

Суханбердиеваның айтуынша, "Педагогтардың мәртебесі туралы" заң қабылданнан кейін, мұғалімдерді қосымша жұмысқа жеккендер жауапқа тартылады

АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мұғалімдер күні қарсаңында көше тазалауға шыққан ұстаздарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер білім және ғылым вице-министрінен Павлодарда ұстаздардың неге дәл мұғалімдер күні қарсаңында, яғни сенбі күні көше тазалауға шыққанын сұрады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз "Педагогтардың мәртебесі туралы" заң әзірлейміз. Онда мұғалімдерді қоғамдық, міндетіне кірмейтін жұмыстарға жегуге тыйым салынады. Әлеуметтік желілерде осы ақпарат тарағаннан кейін, біз бірден Павлодардағы мектеп басшылығына хабарластық. Олар мұғалімдер жай ғана өз мектебі аумағында сенбілікке шыққанын айтты. Ал ол аумақтың мектепке іргелес емес, айдалада орналасқанын мен сіздерден естіп отырмын. Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін, мен бұл жайында қайтадан сұрастырып, анықтайын", — деп уәде берді вице-министр.

Ол "Педагогтардың мәртебесі туралы" заң қабылданнан кейін, заңды бұзғандар жауапқа тартылатынын айтты. 

"Мұғалімдерді қосымша жұмыстарға жекпеу туралы бұрыннан айтып келеміз. Енді заң қабылданғаннан кейін, оны ешкім бұзбайды деп ойлаймын", — деді Суханбердиева. 

Сондай-ақ, вице-министр депутаттар болсын, үкімет мүшелері болсын, кез келген азаматтың қала тазалығы үшін сенбілікке шығуын қолдайтынын айтты.

Ұстаздардың мәртебесі туралы заң қабылданады

Тақырып бойынша

Мұғалімдер мен дәрігерлерге пәтер алуға миллион теңгеден көмек беріледі
Қағазбастылықпен күрес. Енді мұғалімдер 5 құжат қана толтырады
Еңбек өтілі көп мұғалімдер зейнетке ерте шыға ала ма?
Сағадиев мұғалімдер мен тәрбиешілерге жеңілдіктер жасауды ұсынды
БҒМ: 2018 жылы ҰБТ өткізуден мұғалімдер босатылады
Мұғалімдер тағы да міндетіне жатпайтын жұмыстарға "жегілмек"
Кілт сөздер:
көше тазалау, Жолдау 2018, ұстаздар күні, мұғалім беделін арттыру, Білім және ғылым министрлігі
Загрузка...

Басты тақырыптар