Қоғам

Қазақстан президенті дін көшбасшыларына ұсыныс жасады

© Sputnik / Владислав ВодневДін басшылары
Дін басшылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев съезд базасында ақпарат порталын құруды ұсынды

АСТАНА, 10 қазан –Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дін көшбасшылары әлемдік қоғамдастық пен мемлекеттерді бейбітшілік пен қауіпсіздікке шақыруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: қазір елдер халықтың қамын емес, бір-бірін жоюдың амалын ойлап жүр

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезі өтіп жатыр. Осымен алтыншы рет өтіп жатқан съездің ашылуы салтанатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өзсөзінде съезд базасында ақпарат порталын құруды ұсынды. 

"Ақпараттық қоғам дәуірінде біз жаһандық деңгейде бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілету үшін жаңа технологиялардың артықшылақтарын қажетімізге жаратуымыз керек. Бұл үшін біздің съезд базасында ақпарат порталын құруды ұсынамын. Оның міндеті – діни радикализм мен зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың әдістерін қолдану мен зерттеуге көмектесу", — деді президент.  

Назарбаев ақпарат порталы дінге сенетіндер аудиториясымен жаһандық форматта жұмыс істеу алаңына айналатынын атап өтті. 

"Портал арқылы дінге сенетіндер діни ұйымдар мен конфессиялық ағымдар көшбасшыларына кез келген мәселемен немесе ұсыныспен жүгініп, жауап ала алады. Біз Жер бетінде бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін зор әлеуетті жеткілікті түрде пайдаланып отырған жоқпыз. Бұлтұста жанжалдасушы тараптар арасында сындарлы диалог орнату үшін діни ұйымдар мен дін көшбасшыларының мүмкіндіктерін пайдалану туралы сөз болып отыр. Барлық дін көшбасшыларына әлемдік қоғамдастықты, адамдар мен мемлекеттерді бейбітшілік пен қауіпсіздікке шақыруды ұсынамын. Оны әр діннің практикасына қарай фетва, жолдау, үндеу түрінде жасауға болады", — деді Назарбаев.

Жаңалықтар
0